Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы
басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін және Нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінің Архивтерді