Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 18 қараша)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы
қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша толықтырулар
мен өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.18.11. № 1136 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізiлді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерістер енгiзілсiн:

1) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268 Азаматтық кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша)):

42-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:

"Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиiс.";

2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 1999 жылғы 22 шілдедегi № 156-165 "Егемен Қазақстан"):

28-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

"3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары арасындағы даулар жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушыларға талап қою жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы органдарының лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерiне талап қою жөніндегі және олардың шешiмдерiне дау айту туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының соты қарайды.";

3) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 155 Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; 2001 жылғы 13 ақпандағы № 31-34 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 21 ақпандағы № 9-10; 2001 жылғы 28 ақпандағы № 11-12 "Юридическая газета"):

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.