«Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған Сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс- шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 29 шілдедегі № 245 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған Сақтандыру рыногын дамыту
бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс- шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын   және   қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Төрағасының 2004 жылғы 29 шілдедегі  № 245  бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған Сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан   Республикасының   2004-2006    жылдарға   арналған Сақтандыру рыногын дамыту бағдарламасын іске  асыру жөніндегі  Іс-шаралар  жоспарын  іске  асыру  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бүдан әрі - Агенттік) Іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2.  Агенттік бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша шараларды қолға алсын және жылына екі рет 15 қаңтарға және   15   шілдеге  жарты   жылдық  қорытындысы   бойынша  Іс-шаралар жоспарын  орындау  барысы туралы  ақпаратты  Стратегия және  талдау департаментіне ұсынсын.

3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1)  жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге жарты жылдық қорытындысы бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне үсынсын;

2)  осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

4.   Осы  бұйрықтың  орындалуьш  бақылау Агенттік  Төрағасының орынбасары Қ. Досмұқаметовке жүктелсін.

 

 Төраға

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын   және   қаржы ұйымдарын

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.