«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Қазақстан Республикасының Заңы (2006.05.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2006 жылы қалаларда салынуға және реконструкциялануға тиiс аса маңызды білім беру және денсаулық сақтау объектілерінiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

29-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мектепке дейiнгi ұйымдарды салу мен реконструкциялауға 1 000 000 мың теңге сомасында дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер көзделсін.

2006 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен салынуға және реконструкциялануға тиiс мектепке дейінгі ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

30-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттік қолдауға 1 350 171 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын тәртiппен мыналарға байланысты iс-шараларды қаржыландыруға:

ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 197 743 мың теңге;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсіпорындар үшін жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге 12 428 мың теңге;

өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 100 000 мың теңге;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға -

1 000 000 мың теңге;

өндiрiстi және ауыл шаруашылығы өнiмдерi нарығын басқару жүйелерiн дамытуды субсидиялауға - 40 000 мың теңге көзделсiн.

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

31-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 10 617 223 мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2006 жылғы 1 шілдеге дейін берiлетiн ресми трансферттер көзделсiн.

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 32-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

32-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006 жылға арналған резервi 19 437 035 мың теңге сомасында бекітілсiн.

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 33-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

33-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте бұрынғы жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 632 442 мың теңге, оның ішінде:

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне жүргізуші куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және нөмір белгілерін жасауға - 1 424 418 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасының меншігіне шетелден жылжымайтын мүлік сатып алуға - 182 908 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бұрынғы жылдардың кредиторлық берешегiн өтеуге - 25 116 мың теңге көзделсiн.

 

34-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыруға:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салуға - 6 200 000 мың теңге сомасында;

инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыруға 20 000 000 мың теңге сомасында дамуға берiлетiн нысаналы трансферттер көзделсiн.

Көрсетiлген дамуға берiлетiн нысаналы трансферттердi бөлу мен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

 

35-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру шеңберiнде нөлдiк сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кредит беруге 22 000 000 мың теңге көзделсін.

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

36-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге 149 806 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

37-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанк" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2005 жылғы төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеуге 49 224 мың теңге көзделсiн.

 

38-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру мен сақтауға арналған шығындары құрамында, жаңалау тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткiзуден түскен сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жаңалауға 1 850 979 мың теңге сомасында қаражат көзделгенi ескерілсiн.

 

39-бап. 2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

40-бап. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi мен берешектер көлемдерi бойынша мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген кредиттер мен қаражаттар жөніндегі талаптары тоқтатылатын болып белгіленсiн.

 

41-бап. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" АҚ-ға 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған қарыз алушы заңды тұлғаларға берiлген орталықтандырылған (директивалық) кредиттер бойынша талаптары тоқтатылатын болып белгiленсiн.

 

42-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн

3 669 779 мың теңге көзделсiн.

 

43-бап. 2006 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 31 750 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

44-бап. 2006 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 787 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

45-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiне отырып, бекiтілсiн.

 

46-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi 6-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2006 жылға арналған жергілiктi бюджеттердi атқару процесiнде 7-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

 

47-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы  қарашаның 22-сі.

№ 88-III ҚРЗ

 

2006.05.07. № 159-III ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

                                          "2006 жылға арналған

                                      республикалық бюджет туралы"

                                       Қазақстан Республикасының

                                        2005 жылғы 22 қарашадағы

                                             № 88-ІІІ Заңына

                                                 1-ҚОСЫМША

 

2006 жылға арналған республикалық бюджет

 

___________________________________________________________________

Санаты                     Атауы                         Сомасы,

  Сыныбы                                                мың теңге

    Ішкі сыныбы

___________________________________________________________________

   1                         2                              3

___________________________________________________________________

         І. Кірістер                                 1510292399

1         Салықтық түсімдер                             1266685478

  01     Табыс салығы                                  560485520

    1     Корпорациялық табыс салығы                     560485520

  05     Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге    609657826

         салынатын ішкі салықтар

    1     Қосылған құн салығы                            456753448

    2     Акциздер                                        11994383

    3     Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны     140344198

          үшін түсетін түсімдер

    4     Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені       565797

          үшін алынатын алымдар

  06     Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға  91297619

          салынатын салықтар

    1     Кеден төлемдері                                 80120441

    2     Халықаралық сауда мен операцияларға             11177178

          салынатын басқа да салықтар

  07      Басқа да салықтар                              38684

    1     Басқа да салықтар                                  38684

  08     Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны         5205829

         және (немесе) құжаттар бергені үшін

         оған уәкілеттігі бар мемлекеттік

         органдар немесе лауазымды адамдар

         алатын міндетті төлемдер

    1     Мемлекеттік баж                                  5205829

2         Салықтық емес түсімдер                          39313436

   01     Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер        31119727

    1     Мемлекет кәсіпорындардың таза кірісі

          бөлігіндегі түсімдер                             1059400

    3     Мемлекет меншігіндегі акциялардың

          мемлекеттік пакетіне дивидендтер                 5106063

    4     Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу      5080

          үлесіне кірістер

    5     Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден     19433297

          түсетін кірістер

    6     Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастыр-       882634

          ғаны үшін сыйақылар (мүдделер)

    7     Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер         1533846

          бойынша сыйақылар (мүдделер)

    9     Мемлекеттік меншіктен түсетін өзге де кірістер   3099407

  02      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын      1436922

          мемлекеттік мекемелердің тауарларды

          (жұмыстарды, қызметтерді)

          өткізуінен түсетін түсімдер

    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын          1436922

          мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар-

          ды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

  03      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын       129680

          мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемле-

          кеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша

          түсімдерi

    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемле-    129680

          кеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік

          сатып алу өткізуден түсетін ақша түсімдерi

  04      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын,      754383

          сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық

          Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)

          ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекет-

          тік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл-

          дар, санкциялар, өндіріп алулар

    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын,          754383

          сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі-

          нің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын

          және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер

          салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,

          өндіріп алулар

  05      Гранттар                                        1589885

    2     Қаржылық көмек                                   1589885

  06      Басқа да салықтық емес түсімдер               4282839

    1     Басқа да салықтық емес түсімдер                  4282839

3         Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер       8185895

  01      Мемлекеттік мекемелерге бекітілген            126534

          мемлекеттік мүлікті сату

    1     Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекет-      126534

          тік мүлікті сату

  02     Мемлекеттік материалдық резервтен тауар-     8059361

          лар сату

    1     Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар       8059361

          сату

4         Ресми трансферттердің түсімдері                196107590

  01      Төмен тұрған мемлекеттік басқару органда-  119476590

          рынан алынатын трансферттер

    1     Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы      119476590

          қалаларының бюджеттерінен алынатын

          трансферттер

  04     Ұлттық қордан түсімдер                        76631000

    1     Күрделі нысаналы трансферттер                   76631000

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Функционалдық топ                                         Сомасы,

   Әкімші                  Атауы                         мың теңге

       Бағдарлама

____________________________________________________________________

        1                    2                               3

____________________________________________________________________

           ІІ. Шығындар                                 1518760614

01         Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер           81332317

  101      Қазақстан Республикасы Президентінің             1244138

           Әкімшілігі

      001  Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету      1076729

      002  Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының            79398

           стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық

           қамтамасыз ету

      003  Мұрағат қорының, баспа басылымдарының              88011

           сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы

           пайдалану

   102     Қазақстан Республикасы Парламентінің             5096578

           Шаруашылық басқармасы

      001  Қазақстан Республикасы Парламентінің             4636578

           қызметін қамтамасыз ету

      002  Заң жобалары мониторингінің автоматтан-            60000

           дырылған жүйесін құру

      003  Қазақстан Республикасы Парламентінің              400000

           Шаруашылық басқармасы объектілерін салу

           және қайта жаңарту

   104     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің       1237764

           Кеңсесi

      001  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің       1237764

           қызметін қамтамасыз ету

   106     Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық            30324

      001  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің                  30324

           қызметін қамтамасыз ету

   201     Қазақстан Республикасы Ішкі істер                   7330

           министрлігi

      002  Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси             7330

           мүдделерін қамтамасыз ету

   204     Қазақстан Республикасы Сыртқы істер             14705037

           министрлігi

      001  Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету            10547038

      002  Халықаралық ұйымдарға және басқа да              1618035

           халықаралық органдарға қатысу

      003  Мемлекеттік шекараны делимитациялау және          171253

           демаркациялау

      005  Шетелдік іссапарлар                               800336

      009  Қазақстан Республикасының дипломатиялық          1555455

           өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде

           жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу

           және салу

      010  Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекет-       12920

           терге заңсыз әкелінген және саудалаудың

           құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде

           басқа қылмыстардан зардап шеккен және

           форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына

           қаржылық көмек көрсету

   217     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі        32356424

      001  Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның      25999350

           атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету

      002  Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру      12100

      003  Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу         105002

      007  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі          867551

           органдарының ақпараттық жүйелерін құру және

           дамыту

      015  Сенімді тұлғалардың (агенттердің) қызметте-        68290