«Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 42 бұйрығы (2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық
қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 42 бұйрығы

(2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Бас прокуратурасының 2010 жылғы 12 қазандағы № 71 Бұйрығымен күші жойылды

 

Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулығы бекітілсін.

2. Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығын қадағалау Басқармасының бастығы (Кенжетаев Е.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.

3. «Азаматтарды ақтау және жазаның орындалуына прокурорлық қадағалау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2075 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 1 , 756 бет) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылғы 28 қарашадағы № 62 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Бұйрық Бас әскери прокурордың, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың назарына жеткізілсін.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

4 қараша 2005 жылғы

№ 42 бұйрығымен

бекітілді

 

Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу

заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы

Нұсқаулық

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.