«Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 286 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 286 Бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығымен күші жойылды

 

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын және "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 77-ө өкімін іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтағы "Вице-министр А.Д. Досжанға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ. Жаңахановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу Ережесінде:

1-тармақтағы "заңды/жеке" деген сөздер "жеке және заңды"деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Конкурс өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қабылдайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.