Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2005 жылдың 7 қыркүйегіндегі
№ 162 өкімімен
бекітілген
Жергілікті соттардың аралық жалпы отырысы мен жедел
кеңесінің жұмысын ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже облыстық және оған теңестірілген соттардың аралық жалпы отырысы мен аудандық және оған теңестірілген соттардың жедел кеңестерін (бұдан әрі - аралық жалпы отырыс, жедел кеңес) өткізуді, жұмыс тәртібін және өкілеттігін айқындайды.
1.1. Аралық жалпы отырыс пен жедел кеңес жергілікті сот төрағасының жанындағы консультативтік-кеңес беру функцияларын орындайды;
1.2. Аралық жалпы отырыс пен жедел кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Аралық жалпы отырыс пен жедел кеңестің құрамы
2.1. Аралық жалпы отырыстың құрамына мыналар кіреді:
1) облыстық соттың төрағасы;
2) облыстық тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасы;
3) облыстық сот алқаларының төрағалары;
4) Судьялар одағы филиалының төрағасы;
5) судья этикасы жөніндегі комиссияның төрағасы;
6) облыс соттарының әкімшісі.
2.2. Жедел кеңестің құрамына төраға, судьялар, кеңсе меңгерушісі кіреді;
2.3. Аралық жалпы отырысты өткізуді дайындау және хаттаманы жасау жалпы отырыс хатшысына жүктеледі;
2.4. Жедел кеңесті өткізуге дайындалу және хаттаманы жасау сот кеңсесі қызметкерлерінің арасынан тағайындалатын хатшыға жүктеледі.
3. Аралық жалпы отырыс пен жедел кеңестің негізгі міндеттерi
3.1. Аралық жалпы отырыс облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырыстары шақырылымдарының арасындағы кезеңде туындайтын мәселелерді қарайды;
3.2. Жергілікті соттардың аралық жалпы отырысы мен жедел кеңесі соттардың қызметінің барысында туындайтын мәселелерге жедел назар аударып отыруы және оларды қарауы тиіс;