«Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы
19 қыркүйектегі № 252 бұйрығы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағын және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 07.02.2005 жылғы бұйрығымен Сағат Мұратұлы Ыдырысовтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0006132 мемлекеттік лицензияның күші мемлекеттік қызметке тұру кезегіне тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облыстық әділет департаменті осы бұйрықты С.М. Ыдырысовтың, сондай-ақ Ақмола облыстық адвокаттар алқасының сот және құқыққорғау органдарының назарына жеткізсін.