Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (7 декабря 2005 года)

Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
(7 декабря 2005 года)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ

ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

 

2005 жылғы 7 желтоқсан

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.

 

ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын.

Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 61-і бүгінгі отырысқа қатысып отыр. Белгілі себептермен қатыса алмай отырған депутаттар: Әлімжанов, Дүйсекеев, Жалыбин, Жылқышиев. Қалғандарының бәрі болуы керек.

Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын.

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар! Қазақстанда өткен кезекті Президенттік сайлау нәтижесінде еліміздің Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен күмәнсіз жеңіске жетті. Сіздерді осы тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтап, үлкен табыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.

ТӨРАҒА. Бұл сайлау барысында Қазақстан халқы өзінің демократиялық таңдауынан таймайтынын және саяси мәдениетінің, азаматтық белсенділігінің анағұрлым арта түскенін бүкіл әлемге паш етті. Біздің халық саяси тұрақтылық үшін ұлтаралық және дінаралық ынтымақ пен достық үшін, әлеуметтік-экономикалық даму үшін дауыс берді. Ол бірауыздан Елбасының жасампаздық, сындарлы да салиқалы саясатын қолдады.

Кеше бір топ Мәжіліс және Сенат депутаттары Ақордада болып, Елбасының осы күрделі жеңісімен құттықтап шықтық. Кездесу барысында Елбасы еліміздің осындай қарқынды дамуына Парламенттің және әр депутаттың қосқан үлесіне зор баға беріп, еліміздің экономикасының, әлеуметтік саласының, саяси жүйесінің дамуына арналған жан-жақты заңдар қабылдауда танытқан белсенділіктері үшін баршаңызға өзінің ізгі тілектері мен шынайы алғысын жеткізуді сұрады. Осы тапсырманы орындай отырып, сіздерді тағыда ортақ жеңіспен құттықтап, әрқашан жеңістердің биігінен көрінейік деген тілек білдіруге рұқсат етіңіздер.

ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.