«Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп Палатасы мен
Британ Сауда Палаталарының Ассоциациясы арасындағы
өзара түсіністік туралы»
Меморандум
(Лондон қ., 1995 ж. 21 қараша)
Қазақстандағы және Құрама Корольдіктегі Сауда-өнеркәсіп ұйымдары олардың мүшелерінің іскер мүдделерін қолдау және дамытудағы бірлескен жұмысқа өзара мүдделі.
Құрама Корольдіктің Сауда Палаталарының өкілі:
Британ Сауда Палаталарының Ассоциациясы (БСПА),
Қазақстанның бизнесінің өкілі:
Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп Палатасы (ҚР СӨП)
- БСПА және ҚР СӨП төмендегілер жөнінде уағдаласты:
- БСПА және ҚР СӨП бір-біріне сауда және екі ел арасында өзара түсіністік саласындағы өзара мүдделер туралы ақпарат береді және бір-біріне көмектесетін болады,
- БСПА және ҚР СӨП бір-бірін ақпаратпен және байланыстарды жолға қоюымен қамтамасыз етеді, бір елден екінші елге іскер делегацияларды қабылдайтын болады,
- БСПА және ҚР СӨП өз елдерінде мүмкіндігінше екінші елдің маңызды іскер мүдделеріне жәрдемдесетін болады,