«Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне
өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 577 Өкімі
ҚР Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығымен күші жойылды
"Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 671-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға,
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі,
Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
мына жолдар:
"Әбілхатаев - Қазақстан Республикасы Президенті
Марат Кәрімұлы Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық
басқармасы Құқық қорғау қызметі
бөлімінің меңгерушісі",