Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге
байланысты рақымшылық жасау туралы
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1222 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты ізгілік қағидаттары басшылыққа алына отырып қабылданды.
1-бап. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстары үшін сотталған:
1) кәмелетке толмағандар;
2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында І және ІІ топтағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер;
3) І және II топтағы мүгедектер;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен әйелдер мен ер адамдар жазадан босатылсын.
2-бап. Осы Заңның 1-бабының қолданылу аясына жатпайтын, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстары үшін сотталған адамдар, егер олар белгіленген жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылсын.
3-бап. Осы Заңның 1-бабында аталған, ауыр қылмыс үшін сотталған адамдар, егер олар белгіленген жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылсын.
4-бап. Осы Заңның 1, 2, 3-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, ауыр қылмыс үшін бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, егер олар белгіленген жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген болса, жазадан босатылсын.
5-бап. Осы Заңның 1, 2, 3, 4-баптарының қолданылу аясына жатпайтын, аса ауыр болып табылмайтын қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Заңның 19-бабының бірінші бөлігінде белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазаны өтеп болуына бір жылдан аз уақыт қалған адамдар жазадан босатылсын.
6-бап. Осы Заңның қолданылу аясына:
1) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабы қолданыла отыра белгіленіп, сотталғандар;
2) бас бостандығынан айыруға сотталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылған жүкті әйелдер және жас балалары бар әйелдер;