2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі) (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 7, 9-1-қосымшалар) (2006.18.10. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету, арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

Мыналарды қамтамасыз ету:

- құпия, үкіметтік, дипломатиялық және қызметтік хат-хабарлар мен жүктерді қауіпсіз, уақтылы және тиімді жеткізуді;

- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша  Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;

- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;

- қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді 8 сағат ішінде жеткізуді.

ҚР Үкіметінің  2006.18.10 № 1004  Қаулысымен 6  тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

 №

п/п

Бағ-

дар-

лама

коды

Кіші

бағ-

дар-

лама

коды

Кіші бағдарла-

малардың атауы

Бағдарламаны

іске асыру

жөніндегі

іс-шаралар

Іске асыру

мерзімі

Жауап-

ты

орын-

дау-

шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттік

мекемелерді

фельдъегерлік

байланыспен

қамтамасыз ету

1) 307 бірлік

санында

бекітілген

штат санының

лимиті шегінде

Мемлекеттік

фельдъегерлік

байланысты

ұстау. Іске

асыру мерзімі -

қаңтар-

желтоқсан.

2) Фельдъ-

егерлік

байланыстың

бекітілген

бағыттары

бойынша

хат-хабарлар

мен жүктерді

жеткізу.

Іске асыру

мерзімі -

қаңтар-

желтоқсан.

3) 5 бірлік

арнайы автокөлік сатып алу.

Іске асыру мерзімі - наурыз-сәуір.

4) 2 әкімшілік

ғимаратқа

ағымдағы

жөндеу жүргізу.

Іске асыру мерзімі - сәуір-

маусым.

5) Нысанды

киім-кешек

сатып алу

және тігу. Іске асыру мерзімі - ақпан-сәуір.

6) Шығыс

материалда-

рын сатып

алу. Іске

асыру мерзімі -

ақпан-сәуір.

7) Телеком-

муникация қызметтері

үшін ақы төлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан.

8) Ақпарат-

тық жүйелер мен

жергілікті

тапсырмалар-

ды орнату

және сүйе-

мелдеу.

Іске асыру

мерзімі -

қаңтар-

желтоқсан.

9) Шредер

сатып алу.

 

Жыл бойы

"Қа-

зақ-

стан

Рес-

публи-

касы-

ның

мемле-

кеттік фель-

дъе-

герлік қыз-

меті" рес-

публи-

калық мемле-

кеттік меке-

месі

 ҚР Үкіметінің  2006.18.10 № 1004  Қаулысымен 7  тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижелері:

775 мың бірлік хат-хабарлар мен жүктерді жеткізу.

5 бірлік арнайы автокөлік сатып алу, бұл автомашиналар паркін жаңарту қажетті автокөлік қажеттілігінің 33,3%-ын құрайды.

2 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу, бұл аумақтық бөлімшелерде ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қажетті жалпы соманың 33,9 %-ын құрайды.

115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру). Шредер сатып алу - 1 бірлік.

Түпкі нәтижелері:

Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақтылы және толық жеткізу.

Қаржы-экономикалық нәтижесі:

Қазақстанның шегінде бір рет жеткізудің орташа құны:

хат-хабардікі - 50,0 мың теңге;

жүктікі - 30,0 мың теңге.

Қазақстаннан тысқары жерлерге бір рет жеткізудің орташа құны:

хат-хабардікі - 85,0 мың теңге;

жүктікі - 35,0 мың теңге.

Уақтылығы:

Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 8 сағат.

Сапасы:

Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.

 

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

9-1-қосымша

 ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 9-1-қосымшамен толықтырылды

 

104 - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесi

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ үшін әкімшілік ғимаратын

сатып алу» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2500000 мың теңге (екі миллиард бес жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығына ие мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-тың тиімді корпоративті басқаруды жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: объектінің мемлекеттік меншікке кезең-кезеңімен сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

Р/с №

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы

Бағдарламаны  (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру

 мерзімі

Жауапты

орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

 

«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ үшін әкімшілік ғимаратын сатып алу

Әкімшілік ғимаратты сатып алу үшін алдын ала төлеуді жүзеге асыру.

 

2006 жылғы екінші жарты жылдық 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: әкімшілік ғимаратты мемлекеттік меншікке сатып алу үшін төлеудің бірінші кезеңін жүзеге асыру.

Түпкі нәтиже: объектіні мемлекеттік меншікке кезең-кезеңімен сатып алу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік меншіктің активтерін көбейту.

Уақтылығы: белгіленген мерзімдерге сәйкес.