«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 509ж Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 509ж Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 337-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.";

7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"- ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының