Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және
Ұлыбритання мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің
Сыртқы істер және Достастық істері жөніндегі министрлігі
арасындағы ынтымақтастық туралы
ДЕКЛАРАЦИЯ
(Лондон қ., 1994 ж. 21 наурыз)
Бұдан әрі «Қатысушылар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер және Достастық істері жөніндегі министрлігі мына төмендегідей Декларация жасады:
1. Қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актісінің, Жаңа Европаға арналған Париж Хартиясының принциптерін және Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің басқа да құжаттарын өздерінің Үкіметтері ұстанатынын мәлімдейді.