«Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге республикалық меншікке беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1265 Қаулысы (2025.26.08. берілген өзгерістермен)

«Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге республикалық меншікке беру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1265 Қаулысы

(2025.26.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Меншік иесі - «Юбилейное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - «Юбилейное» ЖШС) Самарқанд су қоймасын гидроторабымен бірге (бұдан әрі - су қоймасы) республикалық меншікке қайтарымсыз беру туралы ұсынысымен келісілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) «Юбилейное» ЖШС-мен су қоймасын республикалық меншікке беру туралы шарт жасассын;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен су қоймасын республикалық меншікке қабылдау жөніндегі қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;

3) су қоймасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қарағандысушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берілсін.

3. ҚР Үкіметінің 2025.26.08. № 681 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының