«Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 272 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы № 272 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 593 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің 10-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Н. Хадіркеев

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

2005 жылғы 7 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы

комитеті төрағасының

2005 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 272 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру

ережесі

 

 

1. Жалпы бөлім

 

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінің (бұдан әрі - Аң аулау ережесі) 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.