«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 142 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1282 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акционерлік қоғамның үлгі жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 142 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 82-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгі жарғысында:
1-тармаққа ескерту, 15, 16, 18 және 19-тармақтар алынып тасталсын;
20-тармақтың екінші абзацындағы "жыл, тоқсан немесе жарты жылдық" деген сөздер "жыл/тоқсан/жарты жылдық (қажеттісінің астын сызу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "артықшылықты акциялардың" деген сөздердің алдынан "орналастырылған (сатып алынғандарды шегергенде)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
26-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Орналастырылмаған немесе қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ, егер сот немесе акционерлердің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім шығарса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.";
1) және 2) тармақшалардағы "төлеу" деген сөз "есептеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "төлеу" деген сөз "есептеу" деген сөзбен ауыстырылсын, "егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса," деген сөздер алынып тасталсын;
28-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;";
10) тармақшадағы "(халықтық акционерлік қоғамда - он)" деген сөздер алынып тасталсын;
11) және 12) тармақшалар алынып тасталсын;
32-тармақтағы "газеттерінде" деген сөз "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жарияланған акциялар саны шегінде акцияларды орналастыру (сату) туралы, соның ішінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;";
4) тармақша "сатып алуы" деген сөздерден кейін "және оларды сатып алу бағасы" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша алынып тасталсын;
35-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Директорлар кеңесінің _____ мүшесі тәуелсіз директорлар болып табылады.";
бірінші абзацтағы "құрылады" деген сөз "құрылады/құрылмайды (қажеттісінің астын сызу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Қоғамның ішкі аудит қызметі" деген сөздер "Ол құрылған жағдайда, қоғамның ішкі аудит қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
"8-1. Қоғамның ірі акционерлерінің және лауазымды тұлғаларының өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты қоғамға ұсынуы
40-1. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының есебін осы тұлғалар немесе қоғамның тіркеушісі ұсынған мәліметтер негізінде жүргізеді.
40-2. Қоғамның ірі акционерлері мен лауазымды тұлғалары өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мынадай көлемде ұсынады: