«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 651 Бұйрығы (2010.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 651 Бұйрығы

(2010.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 166 бұйрығымен күші жойылды

 

Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. ҚР Ішкі істер министрінің 2006.08.06. № 263 Бұйрығымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

2. ҚР Ішкі істер министрінің 2010.26.02. № 90 Бұйрығымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

2 тармақта «2-9» сандары «2-3» сандарымен ауыстырылсын;

1-3-қосымшалары осы бұйрықтың 1-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын;

4-9-қосымшалары алынып тасталсын;

4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2005 жылғы 23 қарашадағы

№ 651 бұйрығына 1-қосымша

«Технадзор» автоматтандырылған

ақпараттық-іздестіру жүйесінің

жұмыс істеуін ұйымдастыру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.