«Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы № 56,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының
2005 жылғы 22 қазандағы № 187, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
2005 жылғы 6 қазандағы № 590, Қазақстан Республикасының Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) төрағысының 2005 жылғы 7 қазандағы № 214 Бірлескен бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 564, ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 86, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 290, ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 394, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 4 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 63-тармағына сәйкес, бұлтартпау шарасын қабылдау және альтернативтік тұтқындау (кепіл, үйде қамап ұстау) тетігін толық реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы Нұсқаулық;
2) Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.