7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық лимитіне сай саны 15 бірлік аппараты ұстау;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін қазақ және орыс тілдерінде 500 данадан шығару және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы хабардар ету үшін Президентке, Парламентке, Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберу, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен халықаралық ұйымдарына жіберу;
- саны 4 адамның кәсіби деңгейін арттыру, саны 15 адамға мемлекеттік тілді оқыту;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау;
- іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдар дайындау;
- мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтамасыз ету;
- жиһазбен 100% қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
- адам мен азаматтың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған, Конституциямен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін 26,6 пайызға арттырудағы қажеттілікті қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын шығындар - 1984,3 мың теңге;
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бір штаттан тыс қызметкерін ұстауға жұмсалатын шығындар - 150,0 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшінің кәсіптік біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындары - 22,0 мың теңге;
- Ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығындары - 11,5 мың теңге.
Уақтылығы:
- азаматтардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарау;
- орталықтың жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау;
- жасатылатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағын иелеріне жауаптар жіберу;
- кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің 40 пайыз үлесі, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғарғы тұрған лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 6,6 пайыз үлесі.