7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже:
- бекітілген штат саны лимитінің 70 адам шегінде аппаратты ұстауды қамтамасыз ету.
- республикалық бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдаланылуына 41 бақылаулық және сараптамалық іс-шаралар жүргізу.
- халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттік қаржы бақылаудың шетелдік органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкілеттіктерін іс-жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану.
- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің тоқсандық бюллетенін таралымы 200 данамен шығару, жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламентке, Үкіметке, басқа да орталық мемлекеттік органдарға және облыстар мен Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының тексеру комиссияларына жіберіледі.
- компьютерлік техникамен 77%-ға қамтамасыз ету және офистік жиһазбен 100%-ға жарақтандыру.
- 20 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 30 адамды мемлекеттік тілге үйрету.
түпкілікті нәтиже:
- республикалық бюджетті атқару кезінде бюджеттік заңнаманың және басқа құқықтық нормативтік актілердің бұзылуын анықтау.
- республикалық бюджетті атқару кезінде жол берілген бұрмалаушылықтарды жоюды бақылауды жүзеге асыру.
- республикалық бюджеттің атқарылу мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жол берілген бұрмалаушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға жіберу.
- өзінің мазмұны жөнінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджетінің атқарылуы туралы есебін Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.
- беделін арттыру және жоғарғы қаржы бақылау органдарының дүниежүзілік жүйесінде лайықты орын алу.
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 46,1%-ға арттырудағы, мемлекеттік қызметшілердің 53,9%-н мемлекеттік тілге үйретудегі қажеттілікті қамтамасыз ету.
қаржы экономикалық тиімділік:
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісін ұстауға жұмсалатын шығындары - 2833,0 мың теңге;
- Есеп комитетінің штаттан тыс бір қызметкерін ұстауға жұмсалатын шығындары - 463,5 мың теңге;
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындары - 24,55 мың теңге;
- Есеп комитетінің бір мемлекеттік қызметшісін мемлекеттік тілге үйретуге жұмсалатын орташа шығыны - 19,16 мың теңге;
- бақылау объектісіне аудитор ұйымдарының мамандарын тарту жөніндегі орташа шығын - 4000,0 мың теңге;
- бюллетеннің бір нөмерін шығаруға жұмсалатын орташа шығын 220,0 мың теңге.
дер кезділігі:
- жоспарланған бақылау және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау.
- бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетінің қаулысын қабылдау немесе оны белгіленген мерзімде ұсыну;
- Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі бюллетенін тоқсан сайын шығару;
- жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқу.
сапасы:
- қаржылық бақылау объектілерінің жауапкершілігі мен қаржылық тәртіптіліктің деңгейін және бюджет заңнамасы мен өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауды арттыру;
- қаржылық бақылау объектілерінің жол берілген бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді жоюы, сондай-ақ оның қайталануына жол бермеу;
- есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жүргізуді жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, осы заманғы экономикалық шарттарға сәйкес арттыру; мемлекеттік тілге үйрету курсынан өткеннен кейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 3%; біліктілікті көтеру курсынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 5%.