Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі міндетін атқарушысының

 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө

бұйрығымен бекітілген

 

 

Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында
әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі
 
 
1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі (бұдан әрі - Үлгілік Ереже) аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет тәртібін, қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың шарттарын және оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.

2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - аумақтық орталық) заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.

3. Аумақтық орталық өзінің қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке берілетін лицензияның негізінде, ал әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлерін көрсеткен жағдайда - білім беру қызметіне берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырады.

4. Аумақтық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Үлгілік Ережені басшылыққа алады.

5. Аумақтық орталық жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамдардың күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің, оның ішінде мүгедек балалардың (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін адамдар) медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет түрлерін алу, бос уақыты мен демалысын өткізу мақсатында күндізгі уақытта болуына арналған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.