«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 175-197-қосымшалар) (үзінді) (2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Қаржы-экономикалық тиімділігі:

Электрондық кедендік құжаттар жүйесін енгізу қағазды, адам ресурстарын үнемдеуге және көлік шығыстарын қысқартуға оң әсерін тигізеді.

Салық әкімшілігін жүргізудің негізгі операциялық рәсімдерін орындауға жұмсалатын еңбек шығындарын азайту (адам/сағат); камералдық бақылау жүргізу нәтижелері және салықтық тексеру актілері бойынша жете есептеулер сомасы (теңге); сұрау салуларды өңдеу, статистикалық және талдамалық есептілікті қалыптастыру уақытын қысқарту (сағат).

Жобаны іске асыру мемлекеттік сатып алу процесінің барлық сатыларының айқындылығы, барлық ықтимал берушілер үшін мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, қағаз құжат айналымын елеулі қысқартуға, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүйесінде сатып алынатындар көлемінің 10-15%-ы мөлшерінде ақша қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық сауда-саттық жүйесін енгізуден тікелей экономикалық тиімділік: мемлекет мұқтажы үшін сатып алуларды ұйымдастыруға, дайындау мен жүргізуге жұмсалатын бюджет қаражатын 15%-ға үнемдеуді; түрлі берушілердің баға конъюнктурасының айқындылығын қамтамасыз ету есебінен бюджет қаражатын 8-10%-ға үнемдеуді; берушілер арасында бәсекелестікті күшейту және шоғырландырылған лоттар бойынша сатып алынатын бір түрлі өнімнің партияларының іріленуін қамтиды. Осылайша, жиынтық экономикалық тиімділік мемлекеттік сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатының кемінде 30%-ын қамти алады.

Уақтылылығы: міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімге сай жоспарланған іс-шараларды орындау.

Сапасы:

клиенттерді 90%-ы кеден құжаттарының ресімделу, ұсынылатын есептердің сапасы мен уақтылығына қанағаттанатын болады.

Ақпараттық жүйелердің, ұсынылатын есептердің, ақпараттық қызметтердің жұмыс сапасымен қанағаттанатын клиенттердің 100%-ы.

Жобаны іске асыру мемлекеттік сатып алу процесін қалыптастыру және жүргізудің бірыңғай тәртібіне қол жеткізуге, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын бақылау сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алу процесінде құқық бұзушылықтардың санын азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру, және олардың қызметінің үлкен айқындылығы азаматтардың мемлекетке сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шығыстарды бақылауды күшейтуге ықпал ететін болады.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

197-қосымша

 

217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру"

деген 400 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 153149590 мың теңге (бір жүз елу үш миллиард бір жүз қырық тоғыз миллион бес жүз тоқсан мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; "Жалпы сипаттағы ресми трансферттерді есептеу әдістемесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 916 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бюджет кодексімен облыстық және аудандық бюджеттерге бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің стандарттық деңгейін ұсыну.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті бюджеттердің бірінші кезектегі шығыстарын уақтылы қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерге субвенцияның барлық сомасының түсуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметін стандарттық деңгейін ұсынуы.

Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.

Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.