«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 129-156-қосымшалар) (үзінді) (2006.22.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:

- мүгедектігі бойынша - 406,5 мың адам;

- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 229,9 мың адам;

- жасына байланысты - 10,8 мың адам.

Соңғы нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды мөлшерін 1000 теңгеге көбейту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері

- мүгедектігі бойынша - 8259 теңге;

- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 7316 теңге;

- жасына байланысты - 4121 теңге.

Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.

Сапа: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100% төлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

132-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Құны: 34558542 мың теңге (отыз төрт миллиард бес жүз елу сегіз миллион бес жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 2-бабы; "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы №  161 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- азаматтарды 17 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін уақытылы қамтамасыз ету;

- 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап марапатталған көп балалы аналарға және бірге тұратын төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға 3,9 АЕК көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу.

- 2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу: ҰOC мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,1 AEK, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 5,8 АЕК, ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне - 4,2 АЕК; ЧАЭС-тағы апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасыларына - 4,3 АЕК; қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) - 2,4 AEK; тыл еңбекшілеріне - 2 АЕК; көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, шеттету және қоныс аудару аймағынан Қазақстан Республикасына көшірілген ЧАЭС-тағы оқиғасында апат салдарын жоюға қатысушыларға - 2 AEK.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: азаматтардың 17 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар төлеу. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар алушылардың болжамды орташа жылдық саны - 1213,9 мың адам болады.

Соңғы нәтиже: азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар түрінде қосымша материалдық қолдау көрсету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 6% өсуі. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 4817 теңгені құрайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін және кәмелетке толмаған, бірге тұратын төрт немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар көлемі 1845 теңгеден 4017 теңгеге дейін көбейеді. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері: ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін; ҰOC қатысушыларына теңестірілген адамдарға 2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін; ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне - 2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін; ЧАЭС-тағы апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасыларына - 2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін; қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) - 927 теңгеден 2472 теңгеден; тыл еңбекшілеріне - 1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін; көшіру күнінде аналарының құрсағында болған балаларды қоса алғанда, иеліктен алу және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына көшірілген ЧАЭС-тағы апат салдарын жоюға қатысушыларға 515 теңгеден 2060 теңгеге дейін ұлғаяды.

Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: азаматтардың 17 санатына Заңмен белгіленген мөлшерде тағайындалған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды 100% төлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

133-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Жерлеуге берілетін жәрдемақы"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1718031 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он сегіз миллион отыз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 6-бабы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы; "Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығының 11-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттің қосымша материалдық қолдауы.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуге жұмсалған шығындарды өздері көтерген отбасыларға (тұлғаларға) жерлеуге берілетін жәрдемақыларды төлеу. Болжамды орташа жылдық саны - 100,6 мың адам.

Соңғы нәтиже: жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшері 6% өсуі. Зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуді жүзеге асырған отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттің материалдық қолдау көрсетуі.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Жерлеуге берілетін жәрдемақылар мөлшері:

- соғыс мүгедектері мен қатысушылары үшін - 36050 теңге;

- зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін - 15450 теңге.

Уақтылығы: кестеге сәйкес әр айдың 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: жерлеуге берілетін жәрдемақыларды алуға уақтылы өтініш білдірген, жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларды жерлеуге берілетін жәрдемақылармен 100% қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

134-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбектің

ерекше зиянды және ерекше ауыр жағдайында жұмыс істеген

адамдарға мемлекеттік арнайы жәрдемақылар"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2192331 мың теңге (екі миллиард бір жүз тоқсан екі миллион үш жүз отыз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 2-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1998 жылдың 1 қаңтары бойынша жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген азаматтарды әлеуметтік қорғау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемін 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке көбейту;

- мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды уақтылы төлеу және ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар тұлғаларға тағайындалған мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды төлеу. Болжамды орташа жылдық саны 19977 адам.

Соңғы нәтиже: мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар көлемін 13% ұлғайту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар орташа көлемі 9261 теңге болады.

Уақтылығы: ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген стажы бар тұлғаларға тағайындалған мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды 100% төлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

135-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар"

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 10661465 мың теңге (он миллиард алты жүз алпыс бір миллион төрт жүз алпыс бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 4-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында демографиялық ахуалды жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- 15 АЕК мөлшерінде бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу;

- 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды

бірінші балаға - 3 АЕК,

екінші балаға - 3,5 АЕК,

үшінші балаға - 4 АЕК,

төртінші және одан көп балаға - 4,5 АЕК мөлшерінде енгізу,

- бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың уақытында төленуін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу.

Жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:

- балаларға - 280 мың адам;

- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты - 294,5 мың адам.

Соңғы нәтиже: балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі - 15450 теңге. Бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері - 3862 теңге болады.

Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100% төлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

136-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап

шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы"

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 973753 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс үш миллион жеті жүз елу үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге мемлекеттік біржолғы өтемақы төлемдері бойынша мемлекеттің өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:

- зейнеткерлерге;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;

- 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді уақытында қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: