7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақыларды төлеу. Алушылардың жылдық болжамды орташа саны - 10 адам.
Соңғы нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын материалдық қолдау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына:
- әскери қызметін өткеру кезеңінде немесе жарақат, контузия, ауру себебінен әскери қызметтен босатылғаннан кейін (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 87750 теңге көлемінде;
- әскери қимылдар кезінде (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 117000 теңге көлемінде берілетін біржолғы төлемдерді уақытында жүзеге асыру.
Уақтылылығы: жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктеріне сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдерді уақытында беру.
Сапа: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер түрінде мемлекеттік қолдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
140-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60541 мың теңге (алпыс миллион бес жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 67 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5%, санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1%, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8% төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 4731,6 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
141-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7183044 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен үш миллион қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету, зейнетақылық жарналар есебін қамтамасыз ету, тиімді зейнетақы және жәрдемақы жүйесін және тиісті деректер базасын қалыптастыру және қызмет етуін қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- зейнетақы және жәрдемақы, сонымен қатар басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;
- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;
- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған ортақ базасын жүргізу;
- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- ЗТМО-ның облыстық, қалалық аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын 12% автоматтандыру;
- зейнетақы және жәрдемақы деректер қорының тиімді қызмет етуі.
Соңғы нәтиже:
- Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақы мен жәрдемақылардың толық, нақты және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударымын және толық есепке алуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: "ЗТМО" РМҚК шоттары арқылы өтетін қаржылық ағымдарға әкімшілік жасау шығындарының үлесі "ЗТМО" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдердің жалпы шығынына қатысты 1,39%-дан 1,32% төмендейді.
Уақтылығы: күнделікті жыл бойында.
Сапа: зейнетақы және жәрдемақылардың уақтылы және толық төленуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
142-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша
ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 51356 мың теңге (елу бір миллион үш жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы, жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмыспен қамту және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Атаулы әлеуметтік көмек", "Жұмыспен қамту" бағдарламалық өнімдеріне ілесу. Қолданыстағы деректер базасын ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. "Соцкарта" АЖ жер-жерде енгізілуін ескере отырып "АӘК" АЖ дамыту. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар" ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу.
Соңғы нәтиже: орталық және өңірлік атқарушы органдарды ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету. www.e№ bек.kz сайтына елдің еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жағдайы туралы халықты ақпараттандыру жүйесін орналастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені енгізу еңбек өнімділігін орта есеппен 10% арттырады.
Уақтылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.
Сапа: қабылдаған шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып кедейлікті төмендетуге бағытталған қарқынды саясатты іске асыру әсер етеді. Елдің еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы халықтың хабардар болуы халықтың еңбек ұтқырлығына әсер етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы