7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, сондай-ақ үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларын өткізу, Қазақстанның сессияларда, конференцияларда, мәжілістерде, симпозиумдарда, саммиттерде, форумдарда, екі және көп жақты келіссөздерде, консультацияларда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруіне байланысты келіссөздерде, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттардың жобаларына қатысты сарапшылардың консультацияларында өкілдік ету, соның ішінде электрондық үкімет құру, билер соты институтын құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгілерін ендіру секілді салаларды зерделеу және тәжірибе алмасу және тағы басқалары.
Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 817.
Түпкі нәтижесі:
Халықаралық құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және оларға қол қою, тәжірибе алмасу және тиімді ынтымақтасу орнату, әріптестік, іскерлік байланыстарды жолға қою, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, әлемдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу, қазақстандық тауарлардың сатып-өткізу нарығын кеңейту, тауарларды экспорттау кезіндегі кеден баж салығын азайту және т.б. Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
Елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарға жіберілген бір адамның (жетекші маман) 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген шығындары - 132 768,0 теңге және 4 күн кезеңге Мәскеу қаласына (Ресей) бір іссапарға жіберілген бір адамның (Министр) шығындары - 345586,27 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар - 239 177,13 теңге құрайды);
- Ресейге бір іссапарға арналған бір адамның шығыны - 132 768,0 теңге және Үндістан, ҚХР (Гонконг), Оңтүстік Корея, Чили, Филиппин елдеріне бір сапарға арналған бір адамның шығыны - 1 828 942,76 теңге (бір сапарға арналған орташа мөлшердегі шығындар 980 870,38 теңге құрайды).
Іссапарға жіберілген бір адамның орташа шығындарын негізге алып, осы бағдарламаның қаржылық-экономикалық тиімділігі туралы қорытынды жасау есеп-қисаптан көрініп тұрғанындай дұрыс болмайды, өйткені бір іссапарға арналған шығыстарға жіберілген адамның лауазымы, (мәселен, министрдің тәуліктік ақысына 20 пайыз үстемақы, 5* қонақ үйдің бір орынды бір орын нөмірінің құны шегінде жатын орны, "Бизнес" класс бойынша авиабилет құнының жолақысы қосылады), іссапарлық қызметі, іссапарға жіберілген ел сияқты факторлар ықпал етеді, өйткені әрбір елдің тәуліктікақы және жатын орны нормалары әртүрлі.
Мерзімді уақыты:
Басталғанға дейінгі әрбір шетелдік іссапарға ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
69-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Өкілдік шығындар"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 997920 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы "Республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі мен өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" № 281 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық қатынастарын дамыту және оның оң сипаттағы имиджін ілгерілету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасында ресми делегациялардың, соның ішінде шетелдік делегациялардың қатысуымен кеңестер мен семинарлар, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезіндегі өкілдік шығындары.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі:
Сессиялар, конференциялар, мәжілістер, симпозиумдар, саммиттер, форумдар, екі және көп жақты келіссөздер, консультациялар өткізу, оның ішінде АӨСШК, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің, Дүниежүзілік экономикалық форумның, Еуразиялық медиафорумның шеңберінде өткізілетін жоғарғы деңгейдегі кездесулер, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер процесін жүргізу, Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі халықаралық-құқықтық шарттар жобаларына қатысты сарапшылар консультацияларын және т. б. өткізу. Іс-шаралардың жоспарланып отырған саны 387.
Түпкі нәтижесі:
Халықаралық-құқықтық құжаттарды (келісімдер, шарттар, меморандумдар) пысықтау және қол қою, өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, серіктестік, іскерлік байланыстарды жолға қоюда тәжірибе алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени қатынастар саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, тауарлар және қызмет көрсетулердің әлемдік рыногына шығу, қазақстандық тауарларды өткізу рыноктарын кеңейту, тауарларды экспорттау кезінде кедендік баж салығын азайту және т. б.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
Ресми делегацияларды қабылдауға байланысты бір өкілдік іс-шараны өткізуге арналған шығындармен айқындалады. "Өкілдік шығындар" бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін іс жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мyмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды, мәселен: "Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының отырысын және Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-мәжілісін өткізуге" 11388577,0 теңге сомасында бюджеттік қаражат бөлінді, қатысқандардың саны 250 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 455540 теңге құрады, ал Сенім грамотасын тапсыру 28600,0 теңге құрайды, оған қатысқандардың саны 14 адам. Бір адамға арналған шығындардың орташа мөлшері 2042,0 теңге құрайды.
Мерзімді уақыты:
Басталғанға дейінгі өкілдік шығындарды талап ететін іс-шараларды өткізуге арналған ақшалай қаражатты бөлу туралы шешім қабылдау.