«Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 17 қарашадағы № 815 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 541 Бұйрығы
"Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. "Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы (2005 жылдың 5 қаңтары № 1 енгізілген толықтырулар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі м.а. бұйрығының № 1, 11 тармағында, 2005 жылғы "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқада мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3267 тіркелген) № 815 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілденген көлемін көрсету ережесінде:
8-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"8. Амбулаторлық емдеу барысында дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету өкілетті орган бекіткен ауру түрлері мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі бойынша рецептермен дәрілік заттарды көтерме сауда объектілері арқылы сату жүзеге асырылады (бұдан әрі - амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету). Құрамында есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттармен қамтамасыз ету есірткілік дәрілер, психотроптық заттар бар дәрілік заттар айналымына байланысты қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады".
мынандай тараумен толықтырылсын:
"3-1. Амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу тәртібі