7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже:
1. пайдалы қазбалардың әр түрі (магний, ванадий, күміс және висмут) бойынша 4 (төрт) есеп және зерттелетін объектілер бойынша 3 (үш) талдамалық есеп; 4 (төрт) нұсқаулық және 1 (бір) анықтамалық әзірленетін болады;
2. сандық және сапалық көрсеткіштерді бақылау, жер асты суларының режимі мен ластануына Жер асты суларының мемлекеттік мониторингі (ЖСММ) мемлекеттік желісінің 2005 бақылау пункттерінде су сынамаларын іріктеу деректері;
3. Елек өзенінің трансшекаралық бассейнінде жер асты сулары жай-күйі мониторингінің 1 полигонын құру;
4. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік мониторингінің және мемлекеттік су кадастрының (жер асты сулары) деректер банкін жүргізу;
5. Шығыс Қазақстан облысында жер сілкіністерін алдын ала білдірушілерді зерттеу жөніндегі сейсмомониторинг постыларын құру;
6. 2005 мемлекеттік бақылау пункттеріне ресімделген жер бөліністері;
7. қауіпті геологиялық процестердің 20 постысындағы бақылау деректері;
8. қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша Қаскелең-Талғар
полигонын құру;
9. Шығыс Қазақстан облысында қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша 1 полигон құру;
10. Қауіпті геологиялық процестерді бақылау үшін 5 постыны құру.
Түпкілікті нәтиже:
1. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін минералдық шикізаттарды табу және ұлғайту жолымен қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауын ұтымды пайдалану үшін сирек және асыл металдар кен орнының, көмірдің, жанғыш тақта тастардың, ұсақ жынысты кен орындарының қорлар жіктелімін реттеуші жаңа нормативтік құқықтық актілермен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз ету.
2. Пайдаланушыларды 01.01. 2006 ж. зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасындағы жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір объекті (100 шағын бағдарлама) бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар - 7244,4 мың теңге;
- жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар (101 шағын бағдарлама):
Жер асты суларының мониторингі:
- 1 бақылау пунктіне жер асты суларының мониторингін жүргізу - 62 мың теңге;
- жер асты суларының жай-күйі мониторингінің 1 полигонын құру - 32500 мың теңге;
- мемлекеттік су кадастрын (жер асты суларының) жүргізу - 20000 мың теңге;
- жер сілкіністерін алдын ала білдірушілерді зерттеу жөніндегі сейсмомониторингтің 1 постысын құру - 34740 мың теңге;
- 1 мемлекеттік бақылау пунктіне жер бөліп беруді ресімдеу;
Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі:
- қауіпті геологиялық процестердің 1 постысында мониторинг жүргізу - 1250 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бойынша 1 полигонда бақылауды ұйымдастыру және жүргізу - 27500 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестердің 1 бақылау постысын құру - 1250 мың теңге.
Уақтылығы:
1. ҚР мемлекеттік басқару органдарын пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізаттық базасын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру жөніндегі негіздемелік шешімдерін қабылдау үшін, жер қойнауын пайдалануға арналған бірінші кезектегі объектілерге байланысты ұсыныспен, олардың жағдайы туралы нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы ақпаратты, оларды жою жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ластануы мен қорларының сарқылуын анықтауды дер кезінде ұсыну.
Сапасы:
1. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтерді (геологиялық барлау жұмыстарын, бағаланған пайдалы қазбаларды, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратты, нұсқаулықтарды) алушыларды қанағаттандыру нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық және сенімді ақпараттың негізінде есеп беруді дайындау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 317-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
317-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
015 «ҚазҚуат» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2030 жылға дейінгі электрэнергетикасын дамыту Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 384 қаулысы; «Қазақстан Республикасында гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экспорттық жеткізілім мүмкіндігін бағдарлай отырып Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту, базалық және ең жоғары деңгейдегі жүктемелерді жабуды ұлғайту, электр энергиясының тапшылығы мен құнын төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: энергия өндіретін ұйымдардың құрылысын қайта құрылуы мен жаңғыртылуын ұйымдастыру, құрылатын, сондай-ақ қолданыстағы энергия өндіретін ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру, қолданыстағы және құрылатын энергия өндіретін ұйымдарға қатысу үшін әлуетті инвесторларды тарту.
ҚР Үкіметінің 2006.08.12. № 1186 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 2006.08.12. № 1186 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: қажетті сараптамадан өткен, әзірленген Бұлақ ГЭC құрылысы жобасының техника-экономикалық негіздемесі; Бұлақ ГЭC салуға жер учаскесін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының базалық және ең жоғары деңгейдегі жүктемелерін жабудағы мүмкіндікті арттыру, Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайын жақсарту, энергетика саласын дамыту, Қазақстан Республикасында өндірілетін электр энергиясының мөлшерін көбейту, электр энергиясының тапшылығы мен құқын төмендету жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуын дамыту, электр энергиясының экспортын дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: электр энергиясының тапшылығы мен құнын төмендету, электр энергиясы экспортының мүмкіндігі.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 317-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
317-2-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
016 «Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық және/немесе
келісімшарттық талаптарын орындауды бақылауды ұйымдастыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 38250 мың теңге (отыз сегіз миллион екі жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 6-бабы; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысы; «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы; «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпы ұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесінің 51-тармағы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтижесі: «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» ақпараттық жүйесінің макеті Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының (КР ҰАИ) және «электрондық үкіметтің» элементі ретінде.