ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: жобалар бойынша көлемді орындау:
1. ЖЭО-2, Астана қаласының жылу желілері мен энергия желілері объектілерін жаңарту және жаңғырту - 83%.
2. 5 қосалқы станцияның құрылысы.
3. 2 қазандықтың және ЖЭО-1 қуаттарын, орталық жылу пункттерін жаңғырту және ұзындығы 87 км жылу желілерін жаңарту.
4. Астана қаласының № 7, 8 станцияларының қазандық агрегаттарын, № 5, 6 станцияларының құбыр агрегаттарын және су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту.
5. Астана қаласында ЖЭО-3 салу.
6. Алматы қаласындағы «Орбита» аудандық қазандығы қайта жаңарту және кеңейту.
7. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы «Премьер-Сити» тұрғын үй кешенін электрмен жабдықтау.
Түпкілікті нәтиже: тұрғын үй аймақтары мен қоғамдық ғимараттарды сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін объектілерді пайдалануға қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республика үшін экономикалық тиімділік елді мекендерді жылу- және энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту:
*) Белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген жобалық-сметалау құжаттамасына сәйкес энергетикалық объектілердің құрылысы жөніндегі жобалар мен іс-шаралардың тізбесі, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
325-қосымша
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен
жабдықтауды қамтамасыз ету" деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2274216 мың теңге (екі миллиард екі жүз жетпіс төрт миллион екі жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-III ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: электр энергиясының жетіспеушілігін жабу, электр энергиясында бағаның тұрақты деңгейін сақтау кезінде күзгі-көктемгі кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясын (бұдан әрі - ЖМАЭС) қосу және күзгі-қысқы кезеңдерде оңтүстік өңірлерде туындаған электр энергиясының жетіспеушілігін жабу мақсатында оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету; Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары үшін отын жеткізілімі бойынша шығындардың өтемақы жолымен электр энергиясына тұрақты тарифтерді сақтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: