(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУБСИДИЯЛАР ЖӘНЕ ӨТЕМ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫ

«Субсидиялар және өтем шаралары туралы »
1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 Қазақстан Республикасының  Заңы

 

Осы редакция  2006 ж. 09 қаңтардағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Осы Заң мүдделі тұлғалар арасында шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импорты кезінде, сондай-ақ істі қарауды жүргізу және өтем шараларын енгізу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

     

1-бап. Осы Заңда пайдаланылған негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уақытша өтем шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар берушіге істі қарауды жүргізу процесінде кепілдік берілген ақша депозиттері және (немесе) Қазақстан Республикасы банкінің кепілдігі түрінде қолданылатын шаралар;

2) мүдделі тұлғалар - істі қарау объектісі болып табылатын осындай тауардың отандық өндірушісі не қатысушыларының көпшілігі осындай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі;

тауардың шетелдік экспорттаушысы және істі қарау объектісі болып табылатын тауардың шетелдік өндірушісі;

тауардың отандық импорттаушысы немесе қатысушыларының көпшілігі осындай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі;

шет мемлекеттің үкіметі, тауар шыққан немесе осындай тауар экспорттаған елдің уәкілетті органы не осындай тауар шыққан немесе оны экспорттаған елдер енетін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;

тауар тұтынушы немесе тауар тұтынушылар бірлестігі;

Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті органы;

осы істі қарау құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және, осы Заңның 6-бабында көрсетілген уәкілетті органның пікірінше, осы істі қарауды жүргізуге ықпал ете алатын өзге де тұлғалар;

3) өтем бажы - Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортына өтем шараларын енгізу кезінде қолданылатын және оған кеден бажының негiзгi ставкасынан тыс белгіленетін баж;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.