«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаның паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 38-54-қосымшалар) (үзінді) (2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тура нәтиже: ішкі істер органдарының, әскер қызметкерлерінің кәсіби байқаудан өту саны - 65 205 адам; амбулаторлық байқаудан өткен және қабылданған аурулар саны - 1 405 000 ауру; стационарлық емдеуден өткен саны - 12 100 ауру; 91 бірліктен кем емес медициналық жарақтар сатып алу; Батыс Қазақстан облысы емханалы госпиталінің терапевтикалық бөлімшесінің 1 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1034 шаршы метр.

Соңғы нәтиже: құқық қорғау органдарының әскери қызметшілерін және қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерінің жалпы ауру процентін төмендету - 2-5%; жалпы қажеттіліктен 40% медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етілу деңгейі; жалпы қажеттіліктен 30% күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың кереуетте болуының орташа ұзақтығы - 13,2 күн; кереуеттің орташа жылдық толық болуы - 287 күн; бір ауруды емдеуге кететін орташа шығындар, кереует-күн - 2,0 мың теңге; емханаға бір рет баруға кететін орташа шығындар - 0,15 мың теңге; бір медициналық қызметкерге жұмсалатын жылдық орташа шығындар - 351,3 мың теңге.

Уақтылығы: өз уақытында білікті медициналық көмек көрсету, жарақтар жеткізу графигіне сәйкес медициналық жарақтар жеткізу.

Сапасы: құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін алдын ала қарау деңгейі - 100%; аурулардың медициналық көмек көрсетумен қанағаттану проценті, көрсетілген медициналық көмектер бойынша аурулардың шағымдарының болмауы - 100%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

50-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік

тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау"

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 4407849 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз жеті миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 2-4-баптары; "Жол жүру қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы, 18-19-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысына қатысуға азаматтарға және көлік құралдарына рұқсат беруді қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жол-көлік қозғалысының ережесін бұзуға жол берілген кезде оларды максималды түрде анықтау мақсатында автокөліктер құралдары мен көлік құралдарының иелерін есепке алу; азаматтарды тіркеу құжаттарымен, көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен және жүргізуші куәліктерімен максималды түрде қамтамасыз ету (бұдан әрі - КҚТК, МТНБ және ЖК).

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің жиынтықтар саны - кемінде 678 800; көлік құралдарының тіркеу куәлік бірлігі - кемінде 763 574; жүргізушілер куәлігі саны - кемінде 451 066; транзиттік нөмірлер белгісінің жиынтық саны - кемінде 6 147.

Соңғы нәтиже: автокөліктер құралдарының иелерін жиынтық арнайы өніммен қамтамасыз ету - 100%.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінің бір жиынтығын дайындауға жұмсалатын шығын - 2442 теңге; көлік құралдарын тіркеу куәлігінің бірлігін дайындауға жұмсалатын шығын - 1090 теңге; мемлекеттік тіркеу транзиттік нөмір белгісінің бірлігіне жұмсалатын шығын - 300 теңге; жүргізушілер куәлігінің бірлігіне жұмсалатын шығын - 1090 теңге.

Уақтылығы: белгіленген нормаға сәйкес автокөліктер иелерін арнайы өніммен қамтамасыз ету - 100%.

Сапасы: жүргізушілер куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін автокөлік құралдарын тіркеу куәліктерін алу кезінде азаматтарға жасалатын қызмет - 100%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

51-қосымша

 

Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

52-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Қазақстан Республикасына келетін шетелдік

азаматтарды көші-қон карточкаларымен қамтамасыз ету"

деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 40400 мың теңге (қырық миллион төрт жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы шетелдік азаматтардың келуін заңмен реттейтін кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: саяси және экономикалық тұрақтылықты, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті Қазақстан Республикасы аумағына уақытша кіретін шетелдік азаматтарды нақты есепке алу жолымен қамтамасыз ету, оның ішінде заңсыз көшіп-қонуды болдырмауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон карточкаларымен және уақытша келу бланкілерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ерекше үлгідегі карточкалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ламинаттайтын пленка сатып алу және көші-қон карточкаларын жеткізу жөніндегі шығыстар.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 5 тәуліктен астам уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны -

1 000 000 адам; 5 тәулікке дейінгі уақытқа елге кірген, көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген шетелдіктер саны - 3 000 000 адам; ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген, тіркелген шетел азаматтарының саны - 300000 адам;

дайындалатын көші-қон карточкаларының саны - кемінде 10000000 бірлік.

Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтарын көші-қон карточкаларымен 100 % қамтамасыз ету; республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларын бере отырып, шетел азаматтарын 100 % тіркеу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 көші-қон карточкасын дайындауға кететін шығын - 1 теңге; ерекше үлгідегі 1-көші-қон карточкасын дайындауға жұмсалатын шығын - 98 теңге.

Уақтылығы: Қазақстан Республикасы аумағына келетін шетел азаматтарын өз уақытында тіркеу. Заңсыз еңбек мигранттарын уақтылы тіркеу және оларды заңдастыру.

Сапасы: шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына кіру және тұру ережелерін сақтауы.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

53-қосымша

 

201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 340646 мың теңге (үш жүз қырық миллион алты жүз қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің толық ауқымды тиімділігін қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіге қарсы насихатты жүргізу; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы қимылдар тетігін нығайту, "Рубеж - Наркотики" есірткі қамалдарын құру.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: нашақорлықпен халықаралық күрес күніне арналған акцияны өткізу; жылына 16 000 дана "Болашақ есірткісіз" мерзімді журналын шығару; 4 спорттық-жаппай іс-шараларды өткізу; 7 семинар, 7 дөңгелек стол, 2 конференция, 2 байқау, БАҚ үшін жыл сайынғы 1 форум өткізу; 12 телебағдарламаларды, 4 деректі фильмдер, есірткіге қарсы тақырыпта 4 бейнероликті әзірлеу және көрсету; нашақорлықпен халықаралық күрес күніне арналған телемост.

Соңғы нәтиже: елдегі есірткі жағдайын тұрақтандыру; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы аумағына енгізудің алдын алу және басқа мемлекеттерге таралуын жою; заңсыз есірткі айналымының деңгейін төмендету және осымен байланысты қылмысты тоқтату (фактілер бойынша).

Қаржы-экономикалық нәтиже: күніне бір қайта қалпына келетін адамға кететін орташа шығын - 2,2 мың теңге.

Уақтылығы: халықты уақытында және тұрақты түрде ескерту, есірткіге тәуелді адамдарға уақытында көмек көрсету және оларды қалпына келтіру.

Сапасы: мына мәселелер бойынша біліктілік деңгейін көтеру:

- нашақорлықтың алдын алу шаралары - әлеуметтік саланың 200 қызметкері үшін;

- есірткі құралдарын, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауға алу - мүдделі мемлекеттік органдардың 160 қызметкерлері мен лицензиаттары үшін;

- есірткі бизнесіне қарсы күрес - құқық қорғау органдарының 300 қызметкерлері үшін.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

54-қосымша

 

Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.