7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: ҚР-дағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды макроэкономикалық талдау жөніндегі талдамалық есеп және ҚР экономикасын дамытудың қысқа мерзімді болжамы.
Әлемдік экономиканың даму үрдістерінің және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал ететін елдердегі ахуалдың ағымдағы жай-күйін талдау жөніндегі талдамалық есеп.
Кәсіпорындарға конъюнктуралық сұрау жүргізу негізінде Қазақстанның іскерлік ахуалын бағалай отырып, экономика салаларын талдау және қысқа мерзімді болжамдау жөніндегі талдамалық есеп.
2006 жылғы ҚР-дағы экономикалық жағдай жөніндегі талдамалық есеп және 2007-2009 жылдарға арналған даму болжамы.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық баяндама бойынша талдамалық есеп.
Экономиканың салаларындағы көлеңкелі экономикалық қызметтің түрлерін анықтау жөніндегі талдамалық есеп.
Экономиканың реттелетін салаларында тариф белгілеудің халықаралық тәжірибесін талдау жөніндегі талдамалық есеп және осы тәжірибені Қазақстанда пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Фискалдық реформаларды жүргізу, инвестициялық климатты жақсарту, сондай-ақ өндірісті ұйымдастырудың кластерлік формалары негізінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша талдамалық баяндама.
Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігіне теңгенің айырбас бағамы өзгеруінің әсері жөніндегі талдамалық есеп.
Еңбек ресурстары факторларының экономиканың өсуіндегі рөлін зерттеу жөніндегі талдамалық баяндама.
Қазақстандағы инфляциялық процестерді талдау жөніндегі талдамалық есеп және инфляция деңгейінің экономиканың өсу қарқынымен оңтайлы арақатынасын айқындау.
Қазақстан экономикасының «қызып кету» факторлары мен қаупі бойынша талдамалық есеп.
Әлемдік мұнай бағасының Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсері жөніндегі талдамалық есеп.
Қолданыстағы заңнамалық кесімдердің негізінде өзектендірілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер тізілімі» электронды дерекқоры.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау құралдары.
Мемлекеттік қызметтер ұсынудың ұсынымдары сапасын бағалау өлшемдері мен құралдарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігі мен сапасын бағалау бойынша ұсыныстар.
Талдамалық баяндама, нормативтік құқықтық кесімдердің және әдістемелік ұсынымдардың жобалары.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезінде Қазақстан Республикасы қабылдайтын міндеттемелер шеңберінде отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бағалау жөніндегі талдамалық баяндама.
Бұл жұмысты орындау Қазақстан Республикасының елдік рейтингілік айқындау жөніндегі сапалық ұстанымды жақсарту yшін зерттеу материалдарын рейтингтік агенттіктерге бере отырып, Қазақстанда болып жатқан қайта құруларды нақты көрсету үшін елдегі экономикалық және қаржылық ахуалдың жедел мониторингі мәселелері бойынша нақты талдамалық зерттеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы халқының кеңістіктік дамуы мен қоныстануының болжамдық схемасын және өңірлер халқының кеңістіктік дамуы мен қоныстануының перспективалық схемаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұстанымдар (әдістеме).
Қазақстан Республикасының өңірлерін дамытудың бәсекелестік стратегиясын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұстанымдар (әдістеме).
Қазақстанның таяудағы он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті шешу және ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін талдамалық материалдарды, ұстанымдарды пайдалану.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсынымдармен талдамалық есеп.
Салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі қорытындылар және ұсынымдармен талдамалық есеп.
Отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі ұсынымдар.
Қазақстан Республикасында экономиканы салықтық ынталандыру шараларын қолданудың және мұндай шараларды қолданудың халықаралық тәжірибесінің нәтижелері туралы талдамалық есеп. Салықтық ынталандыру шараларының тиімділігіне талдау жүргізу әдістемесі.
Есептер мен ұсынымдар дайындау, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдары үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен және Америка халықаралық даму жөніндегі агенттігінің консультациялар өткізу.
Түпкі нәтижесі: әлеуметтік-экономикалық дамудың талдамалық зерттеулерді нәтижелерін макроэкономикалық болжамдауды жетілдіру және қолдану мүмкіндігі үшін Қазақстанның экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету және экономикалық саясатты жақсарту үшін ұсынымдарды тұжырымдау үшін.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың фискалдық саясатты тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асырғанда қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсынымдарды жұмыста пайдалану.
Қазақстанның 2030 жылға дейін арналған Даму стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стартегиясын және Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стартегиясын уәкілетті мемлекеттік органдар іске асыру кезінде ұсынымдарды пайдалануы.
Экономиканың «қызып кетуінің» қаупін және оның теріс салдарын азайту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Қазақстанда тариф белгілеудің әлемдік тәжірибесін пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Бағамдық саясат жүргізу және бұл үшін әр түрлі тетіктерді пайдалану жөніндегі ғылыми-негізделген ұсынымдарды әзірлеу.
Инфляцияны тежеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін ұсынымдарды пайдалану.
Әлемдік мұнай бағасы мен макроэкономикалық көрсеткіштердің арасында анықталған тәуелділікті пайдалану орта мерзімдік болжамдаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы жағдайларында отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыста сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процестерінде ұсынымдарды пайдалану.
Рейтингілік агенттіктердің консервативтік инвесторларға елдің кредитке қабілеттілігі мен кредиттік тәуекелдерін сындарлы әрі объективті бағалау беруі.
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру.
Отандық салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыста ұсынымдарды пайдалану.
Экономиканы салықтық ынталандырудың неғұрлым тиімді құралдарын қолдану мақсатында салық саясатын түзету.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың (мемлекеттік бағдарламалар әкімшілерінің) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, қабылданған бағдарламалық іс-шараларды іске асыру жөнінде қажетті өзгерістер мен түзетулерді орындау мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін талдамалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану.
Мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының, бағдарламалық құжаттар әзірлеудің проблемалық мәселелері бойынша шешімдер дайындаудың сапасын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: бір талдамалық зерттеу жүргізуге жұмсалатын шығындар;
экономиканың түйінді секторларындағы мемлекеттік органдардың жұмысында талдамалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жолымен республикалық бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру.
Сапасы: Қазақстанның макроэкономикалық дамуының, инфляцияның, экономиканың "қызып кетуінің", теңгенің айырбас бағамының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолданылу мүмкіндігінің.
Заңнамалық кесімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциялар тізілімінің өзектілігіне қол жеткізу.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау көрсеткіштерін таңдау дұрыстығы және олардың бағдарламалардың мақсаттарына сәйкестігі.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының стратегиялық, орта мерзімдік бағдарламаларының және даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.
Көрсеткіштердің мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасын жақсартуға әсері.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесінің салалық дамуға қатысты проблемалық мәселелерінің бәрін қамту.
ДСҰ талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын талдау кезінде Қазақстан экономикасының барлық салаларын қамту.
Қазақстан Республикасының егемен рейтингін айқындау кезінде халықтық рейтингілік агенттіктер арасында пайдаланылатын ақпараттың сапасы мен объективтілігін арттыру.
Талдау кезінде салықтық ынталандырудың негізгі шараларын толық қамту. Әдістемеде қол жетімді деректерді пайдалану.
Халықаралық практикаға талдау жүргізу кезінде үш санат бойынша кемінде бес елді (дамыған, дамушы, басқа да) қамту.
Мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі.
Уақтылығы: техникалық ынтымақтастықтың 2006-2007 қаржы жылдарға арналған жыл сайынғы бағдарламаларында белгіленген мерзімдерге сәйкес мерзімдерде талдамалық зерттеулердің нәтижелерін беру.
ҚР Үкіметінің 2006.23.10 № 1015 Қаулысымен 203-1 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
203-1-қосымша
220-Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
___________________________________________________________
Бюджеттік бағдарлама әкімшісi
2006 жылға арналған
013 "Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
республикалық бюджеттік бағдарлама
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900 000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы; "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапалы деңгейде почталық және қаржылық қызмет көрсетулердің кең аясына халықтың және экономиканың нақты секторының еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті тиімді жүйені қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарлама міндеттері: ауылдық жерде 96 ауылдық байланыс бөлімшесін салу және техникалық нығайту арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау 1 почта вагонын сатып алу жолымен магистральдық тасымалдау жүйесін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 96 ауылдық почта байланысы бөлімшесінің құрылысын салу және техникалық нығайту және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің техникалық нығайту талаптары бойынша сәйкестендіру; ауылдық байланыс бөлімшелерін 96 комплект көлемінде өндірістік жиһазбен жабдықтау, сондай-ақ почта вагондары паркін жаңарту.
Соңғы нәтиже: 96 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшесінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 7-9 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 9-10% өсуіне, бюджетке салықтық түсімдерін 5-7% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес.
Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 96 бөлімшесінде көрсетілетін қызметтердің аясын 11%-ға кеңейту.
204-қосымша ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
205-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге экономикасы күйзеліске ұшыраған
соның ішінде шағын қалаларды дамытуға берілетін
нысаналы даму трансферттері"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 527000 мың теңге (бес жүз жиырма жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "2004-2006 жылдарға арналған Шағын қалаларды дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шағын қалаларды, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 11 шағын қаланың, соның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалалардың инженерлік инфрақұрылымының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сонымен бірге Қызылорда облысы Арал қаласындағы шыны-пластикалық қайықтарды өндіру технологиясын дамытуға жергілікті бюджеттерге қаржылық қолдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: