7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: табиғи кешеннің сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған
жолақты күту, 83511 га алаңында табиғат қорғау іс-шараларын
жүргізуді қамтамасыз ету. Сатып алу: балық дернәсілі- 20,7 млн. дана, өрт сөндіргіш машинасы - 1 бірлік, патрульдікке арналған автокөлік - 6 бірлік, үш дөңгелекті мотоцикл - 7 бірлік, төрт корпусты соқа - 1 бірлік, трактор тіркемесі - 2 бірлік, дөңгелекті дәнекерлеу агрегаты - 1 бірлік, қару-жарақ - 29 бірлік.
Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 1466 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.
Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10% алаңның азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
415-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 27719818 мың теңге (жиырма жеті миллиард жеті жүз он тоғыз миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аса маңызды мемлекеттік объектілердің құрылысы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерін салу және қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Бейбітшілік және Келісім сарайы құрылысын аяқтау, Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж, сол жағалаудағы Министрліктер үйі, 30000 көрерменге арналған жабық стадион (өзеннің сол жақ жағалауында).
Соңғы нәтиже: Астананың инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан Республикасының абыройын арттыру, мемлекеттік органдарды жаңа, қазіргі заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір бірлікке көрсетілген қызметтің нақты шығынын ұсынылған қызметтің немесе орындалған жұмыстың жоспарланған көлемін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: объектілерді құрылыс мердігерлерімен бекітілген шарт бойынша мерзімінде пайдалануға беру.
Сапасы: құрылыс технологиясын сақтау, олардың құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
416-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200297 мың теңге (екі жүз миллион екі жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 20 бірлікке толықтыру.
Соңғы нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 10 015 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.
Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
417-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ғимараттар сатып алу"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1270000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: процентсіз займға қызмет көрсету және өтеу бойынша міндеттемелерді орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Мабко" ЖШС-ның алдындағы міндеттемелерін өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: келісім-шарт міндеттерін орындау деңгейі - 100%.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Мабко" ЖШС-ның алдындағы процентсіз заемдарын өтеу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: процентсіз займдарды қатыстыру бойынша шарттық міндеттемелер шегінде займдарды өтеуді қамтамасыз ету.
Уақтылығы: "Мабко" ЖШС алдындағы міндеттерді белгіленген кестеге сәйкес өтеу.
Сапасы: тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі - 100%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
418-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7935 мың теңге (жеті миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты медициналық мекемелердің медицина қызметкерлерінің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өтінімін орындау деңгейі - 100%; қайта даярлаудан және мамандандырудан өткен дәрігерлер саны - 12 бірлік.
Соңғы нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 15 бірлік.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 661,3 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.
Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 3,5% дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.