ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына арналған жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде:
110,75 км автожолдарды және 9 көпірді күрделі жөндеу;
270 км жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
31 авариялық көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
құбырлар мен көпірлерді жөндеумен 2090 км орташа жөндеу;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін 14 жол зертхананы сатып алу.
Соңғы нәтижесі:
қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету;
жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімдерін қысқарту;
көлік-құрамдас бөліктік шығындарды қысқарту;
110,75 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялық учаскелерді азайту;
9 дана мөлшерінде республикалық маңызы бар жолдарда авариялық көпірлердің санын қысқарту;
Республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жолдардың жылдың аяғындағы жай-күйі шамамен мыналарды құрайды:
жақсы жай-күйде - 3,65 мың км немесе 16 %;
қанағаттанарлық жай-күйде - 9,72 мың км немесе 42 %;
қанағаттандырғысыз жай-күйде - 9,63 мың км немесе 42 %.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
күрделі және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізу;
қолданыстағы нормаларға сәйкес жолдарды жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу;
Уақтылығы: жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қаржы жылының ішінде.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
160-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын
қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1553645 мың теңге (бір миллиард бес жүз елу үш миллион алты жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі су жолдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы; «Су объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: навигациялық құралдар және жабдықтар белгілерін қою және күтіп-ұстау арқылы кеме жүрісінің кепілдендірілген көлемдерін қамтамасыз ету; түбін тереңдету (жер қарпу), түзету және түбін тазарту жұмыстары, кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерді) қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп-ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
ұзындығы 3982 км су жолдары учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету;
2823,2 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар; 55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары; 10700 тонна көлемінде түбін тазалау жұмыстары;
ұзындығы 315 км Ертіс және Қара Ертіс өзені учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін ұстау және ағымдағы жөндеу;
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және террорға қарсы іс-шаралар жүргізу;
төтенше жағдайлардан кейін қалпына келтіру жұмыстары;
флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 91 (бірлік); орташа жөндеу 14 (бірлік); күрделі жөндеу 3 (бірлік);
активтерді сатып алу:
Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және террорға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша, соның ішінде:
спутниктік геодезиялық түсірулер үшін жабдықпен жарақтаумен КС-108 катерін (1 бірлік);
жол шебері катерін (2 бірлік);
мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту бойынша, соның ішінде:
сүйрегіш теплоход - 1 бірлік;
жабдықтау теплоходы - 2 бірлік;
карчекран жобасын әзірлеу - 1 жиынтық.
Соңғы нәтиже:
алдыңғы жылға қарағанда жүк айналымының және жолаушылар айналымының 5% өсуі;
ішкі су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау себебінен авариялық жағдайлардың саны.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
навигациялық жабдықтар белгілерін қою (алып тастау) және қызмет көрсету шығыны 1 км.-ге - 61 мың теңге.
Сапасы және уақтылығы:
кеме қатынасы су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстауға арыздардың болмауы;
кеме қатынасы су жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы себебінен көліктік оқиғалардың болмауы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
161-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 5264854 мың теңге (бес миллиард екі жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы бойынша заем туралы» келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 маусымдағы № 611 қаулысы; «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы қосымша келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы № 637 қаулысы; «Астана халықаралық әуежайы» жабық акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 483 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуежайлар инфрақұрылым объектілерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының жер үстіндегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту мен дамытуды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: