7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: 26 км пайдалануға енгізумен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу, Алматы қаласында метрополитен құрылысының бірінші кезегін салу бойынша орындалған жұмыстар көлемі, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы бойынша міндеттемелерді толық өтеу.
Соңғы нәтижесі: автомобиль жолдарының желісін дамыту үшін объектілерді пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
174-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"«Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын ұстау»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 253521 мың теңге (екі жүз елу үш миллион бес жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1202 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешенінің (бұдан әрі - Ғимарат) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер үшін қажетті еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ғимаратқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсету, санитарлық өңдеу, суықпен-жылумен, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесінің профилактикалық жұмыстарын жүргізу, үкіметтік байланыс кабелін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: