«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 73-85-қосымшалар) (үзінді) (2006.31.07. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижелері:

жеке құрамның 67 578 адамын (әскери қызметшілер және жеке персонал) үлестің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

5110 әскери қызметшіге сыйлық төлемдері бойынша берешекті өтеу;

әуеайлақ, автомобиль және әскери техниканың 137 бірлігін қалпына келтіру, жөндеу және қайта жабдықтау.

Мыналарды жүргізу:

234 ғимараттар мен құрылыстарды, 60 коммуналдық объектілерді ағымдағы жөндеу;

12 объектіні және 82 техника бірлігін күрделі жөндеу;

27 әуеайлақ техника бірлігінің қызмет мерзімін ұзарту.

Түпкі нәтижелері: осы мақсаттарға бөлінген қаржы қаражаты көлемінің және жоспарланған іс-шаралар шегінде қамтамасыз ету:

- жеке құрамның, әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық үлес түрлерімен және коммуналдық қызметтермен 100%;

- техникалық дайындықты және қару-жарақтың, әскери, өзге техниканың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік желілердің, коммуналдық объектілердің жинақталуын 100%;

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұрылымының жағдайын 100% жақсартуды және қолда бар күзету инфрақұрылымын ақаусыз күйде 100% ұстауды;

- моральдық жағынан тозған әскери техниканы, оқ-дәрілерді, радиоактивті көздерді (материалдарды), зымыран отынының бөлшектерін, күшті әсер ететін улы заттарды 100% пайдаға асыру;

- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының жинақталуын және тиісінше ұсталуын 100% қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтижесі:

Қарулы Күштер жеке құрамының 1 адамын ұстауға арналған орташа жылдық шығындар - 403,5 мың теңге;

әскери техниканың 1 бірлігін жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған орташа жылдық шығындар - 34 569,4 мың теңге;

1 ғимаратты және құрылысты ағымдағы жөндеуге және қызмет көрсетуге орташа жылдық шығындар - 1 113,2 мың теңге.

Уақтылылығы:

жұмыстар мен қызметтер жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес;

қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.

Сапасы:

Қазақстан Республикасы азаматтарының елдің қорғаныс қабілетімен 100% қанағаттануы;

әскери қызметшілердің заңнамамен белгіленген ұстау және қамтамасыз ету сапасымен 100% қанағаттануы.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

74-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 11064268 мың теңге (он бір миллиард алпыс төрт миллион екі жүз алпыс сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 35, 66-баптары; «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 , 12,  13, 16, 28, 35-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы; «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы; «Орта Азия өңірі мемлекеттері аймағында оларды жедел өрістету аудандарында ұжымдық қауіпсіздік Орта Азия өңірінің жедел өрістетудің ұжымдық күштің ұлттық қалыптасуы үшін материалдық жабдықтар қорын құру жоспары туралы» 9 желтоқсандағы 2003 жылғы ТМД мүше мемлекеттер Министрлер кеңсесінің шешімі; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі 1994 жылы 27 мамырда қол қойған «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» атты Негізгі құжат; Қазақстан Республикасының Парламенті 1997 жылғы 3 шілдеде бекіткен «Қарулы күштерінің мәртебесіне қатысты «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қатысушы Солтүстік Атлантика шартына қатысушы мемлекеттер мен басқа да мемлекеттер арасындағы келісім.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қорғаныс қабілетін және ел қауіпсіздігін нығайту үшін, соғыс қақтығыстарының шиеленісуінің алдын алу үшін, соғыс қаупінен, халықаралық экстремистік топтардан қорғау үшін Қарулы Күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің мемлекеттік шекараның тұтастығын қамтамасыз ету үшін жауынгерлік кезекшілікті атқаруын қамтамасыз ету;

2) әскери бөлімдердің жедел және жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету;

3) сыртқы саяси міндеттемелер мен мүдделердің орындалуын қамтамасыз ету;

4) әскери бөлімдер, әскерлер (мекемелер) қолбасшылығының (бастықтарының) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әкімшілік-басқару функцияларын орындауын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижелер:

368 әскери қызметшіге сыйлықақы төлемдері бойынша берешекті өтеу;

шет мемлекеттермен әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында НАТО бағдарламасы бойынша 6 жаттығу және 90 курс өткізу;

КСБР басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Р-438 ТМ ғарыштық байланыс станциясын сатып алу.

Түпкі нәтижелері:

еліміздің және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің жауынгерлік кезекшілікті атқаруын 100% ұйымдастыру;

әскери бөлімдердің жедел және әскери дайындығын 100% қамтамасыз ету;

халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелерді 100% орындау.

Қаржы-экономикалық нәтижесі:

1 ірі ауқымды жаттығу жүргізу орташа есеппен 316,4 млн. теңгені құрайды;

1 әскери бөлімнің жауынгерлік кезекшіліктегі қызметін ұйымдастыру орташа есеппен 23,8 млн. теңгені құрайды.

Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар мен қызметтерді жүргізу;

қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.

Сапасы:

азаматтардың 100%-ы қауіп-қатерден қорғау деңгейімен қанағаттанды;

халықаралық ұйымдар өткізілген іс-шаралардың сапасымен 100% қанағаттанды;

азаматтардың 100%-ы Қарулы Күштер әскери дайындығының сапасымен қанағаттанды.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

75-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Қарулы Күштердің ақпараттық жүйелерін құру»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 705211 мың теңге (жеті жүз бес миллион екі жүз он бір мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін бейбітшілік жағдайда, бейбітшіліктен соғыс жағдайына көшіру кезінде, жедел (жауынгерлік) жұмылдыру және әскери-әкімшілік міндеттерге автоматтандырылған шешіммен қамтамасыз ету, штабтар мен мекемелердің, кезекші күштері мен құралдарын, әскерлерді (күштерді) жұмылдыру мен жедел өрістету, орталық және жергілікті атқару мен бірлесе отырып жаңа ақпараттық технологияны пайдалану жолдарымен жауынгерлік іс қимылдарды, аумақтың және жергілікті қорғаныс, сондай-ақ барлау құралдарын кешенді қолдану, тиімді басқаруды арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының басқа әскерлері мен әскери құрамаларын, атқарушы өкіметтің орталық және жергілікті органдарын автоматтандырылған басқару жүйелерімен (құралдарымен) өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, әскерлерді, барлауды, РЭБ және ҚР ҚК әскерлерін жұмылдыру ретке жайылуын басқарудың стационарлық-мобилді автоматтандырылған жүйесін құру, сондай-ақ ТМД елдері әуе шабуылы қорғаныс күштері мен құралдарының өзара іс-қимылдары тиімділігін арттыру, «ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі туралы» шарттың шеңберінде Қарулы күштерді бірлескен қолдануды автоматтандырылған жоспарлау және «Бейбіт өмір үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде басқа мемлекеттерді басқаруды автоматтандыру құралдарымен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету;

2) оқу-жаттығуды, штаб жаттығуларын жүргізу кезінде, сондай-ақ бөлімдер мен бөлімшелерді жауынгерлік қолдану кезінде жылдамдықты арттыру, әскери істе ГАЖ технологияларын қолданудың әлемдік стандарттарына өту үшін әртүрлі кіші жүйелерді енгізу және цифрлық карталарды құру арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің геоақпараттық жүйесін құру;

3) қызметтік ақпаратты алмасудың жылдамдығын және әскерлерді басқару үшін жауынгерлік басқару дабылын кепілдендірілген беру үшін орталықтан жекелеген әскери бөлімдерге дейінгі буындағы деректерді берудің желісін кеңейту арқылы ҚР ҚК бірыңғай ақпараттық желісін құру;

4) қолданыстағы ақпараттық жүйелердің сыйымдылығы мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің біріктірілген жүйесін құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін арттыру, сыртқы ақпараттық кеңістікпен тиімді басқаруды және біріктіруді қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі:

Қарулы Күштердің геоақпараттық жүйесін құрайтын «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің цифрлық картографиялық деректер банкін құру және жүргізу» кіші жүйесін енгізу;

қызметтік ақпаратпен жауынгерлік басқару дабылдарын беруді қамтамасыз ету үшін кейбір бөлімшелерге шұғыл-тактикалық деңгейді қосу арқылы деректер беретін қолданылып жүрген желіні дамыту;

қазіргі заманғы серверлік сегменттер мен қорғалған жергілікті компьютерлік желілерді құру арқылы өңірлік қолбасшылықтар мен құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту;

техникалық тексеру жүргізу және олардың жағдайын анықтау үшін олардың біріктірілуі жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы қолданылып жүрген ведомстволық ақпараттық жүйелерді бағалау, дамыту мен жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау;

қолданыстағы ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінде жұмыс істеуі үшін материалдық-техникалық базаны қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және бағдарламалық өнімдермен жарақтандыру арқылы дамыту және жетілдіру.

Түпкі нәтижесі:

1) басқарудың жоғарғы буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (Қорғаныс министрлігі және штабтар бастықтарының комитеті) - 45%;

2) басқарудың орта буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (Қарулы Күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар, әскерлердің тектері) 30%;

3) басқарудың төменгі буынында ақпараттық жүйені құру пайызы (әскери бөлімдер мен мекемелер) - 15%;

4) әртүрлі (әртүрлі ведомстволық) топталған әскерлерді (күштерді) шұғыл басқаруды 1,5-2,0 есеге, зымыран әскерлері мен артиллерия күштері мен құралдарын - 2,5-3 есеге, авиация және әуе қорғанысы күштері мен құралдарын 2,0-2,5 есеге арттыру.

Қаржылық-экономикалық нәтижесі: енгізгеннен бастап шамалас экономикалық тиімділік жылына 470 млн. теңгеге жуықты құрайды, оның 250 млн. теңгесі байланыс арналарын жалдауға ақша қаражаттарын үнемдеу есебінен, 200 млн. теңгесі әуе шабуылы қорғанысында автоматтандырылған жүйелерді енгізу және басқарудың тиімділігін арттыру есебінен, сондай-ақ 240 млн. теңгесі жауынгерлік кезекшіліктегі әскери қызметшілердің 1000-нан астам лауазымдарын қысқарту есебінен, фельдъегерлік байланысқа шығыстарды қысқарту - 17 млн.теңгені, 250 млн. теңгесі - жер үстіндегі және әуе көлігі қозғалысының бағыттарын оңтайландыру және жанар-жағар май материалдарын үнемдеу есебінен.

Уақтылылығы: мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттарда белгіленген мерзімге сәйкес.