«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 73-85-қосымшалар) (үзінді) (2006.31.07. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

Сапасы: ақпаратты сапалы жинау, өңдеу және алмасу арқылы басшылық құрамның шешімдерді уақтылы қабылдауы.

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 76-қосымша жаңа редакция (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

76-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Қарулы Күштердің инфрақұрылымын дамыту» деген

004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

Қызмет бабында пайдалануға арналған және Деректер базасына енгізілмейді

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

77-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Білім берудің мамандандырылған ұйымдарында жалпы білім беру»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 191691 мың теңге (бір жүз тоқсан бір миллион алты жүз тоқсан бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 16-бабы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұландарды дайындау және әскери білім беру жүйесін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) ұландардың кейін Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсуге дайындау;

2) Қазақстан Республикасының білім туралы стандарт талаптарына сәйкес ұландар дайындығының қажет деңгейін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі:

әскери білім туралы стандарт талаптарына сәйкес 420 ұландарды дайындау және оқыту;

54 ұлан шығару, оның ішінде - 1 бестікке бітірген.

Түпкі нәтижелері:

ұландардың одан әрі Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсу үшін 100% дайындығы;

әскери білім туралы стандарт талаптарына сәйкес ұландар дайындығының қажет деңгейін 100% қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтижесі:

бір ұланды ұстау және оқытудың орташа құны 236,8 мың теңгені құрайды;

бір ұстазды ұстаудың орташа құны 336,6 мың теңгені құрайды.

Уақтылылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау.

Сапасы:

ұландардың әскери және басқа оқу орындарына 100% түсуі;

оқудан шығарылған ұландардың саны - 1,4%;

бестікке бітіргендердің саны - 0,2%.

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 78-қосымша жаңа редакция (бұр.ред.қара)

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

78-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы,

байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

Қызмет бабында пайдалануға арналған және Деректер базасына енгізілмейді

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

79-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға

сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және жөндеу»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2870287 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз жетпіс миллион екі жүз сексен жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес міндеттемелерін орындау негізінде қару-жарақты, әскери, өзге техниканы және жабдықтарды техникалық жарақтандыру және техникалық жай-күйін жақсарту, техникалық дайындық коэффициентін арттыру, тұрақты әскери дайындықта ұстау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) әскерді қару-жарақпен, әскери және өзге техникамен, оқ-дәрілермен, зымырандармен, әскери-техникалық мүлікпен, өлшем құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету;

2) қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жағдайы мен әскери дайындығы деңгейінің төмендеуінің алдын алу, озық технологияларды қолдану.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақты, әскери және өзге техниканы жеткізу және жөндеу Полигондарды жалға беру туралы.

Түпкі нәтиже: Ресей Федерациясымен уағдаластық шарттарында қару-жарақты, әскери және өзге техниканы 100% сатып алу (полигондарды жалға беру есебінен өтемақы негізінде).

Қаржы-экономикалық нәтиже: әскери-сынақ полигондарының 1 ш.м жалға берудің орташа құны 30,1 мың теңгені құрады.

Уақтылылығы: ҚР екіжақты шарттар, келісімдер мен шешімдер бойынша міндеттемелерін бекітілген мерзімде орындау 100%.

Сапасы: азаматтардың 100%-ы Қарулы Күштердің қойылған міндеттерді дербес шешу қабілетіне қанағаттанды.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

80-қосымша (құпия)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

81-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 356808 мың теңге (үш жүз елу алты миллион сегіз жүз сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 16-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери кәсіпкерлік пен әскерлерді сапалы әскери даярлауды енгізу мақсатында әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кіші командалық құрам - сержантқа мұқтаждығын қамтамасыз ету;

2) сержанттардың және курсант-спортшылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін мамандармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі:

оқитындар контингенті - 810 адам, оның ішінде:

кадет корпусы - 410 адам;

спорт колледжі - 400 адам;

кадет корпусы мен спорт колледжінде оқитындардың 99% үлгірімділігі;

оқыту процесінде алынған білімдердің 100%;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес кадеттер дайындығын қажет деңгеймен 100% қамтамасыз ету.

Түпкі нәтижелері: сержанттарды және курсант-спортшылардың сапалы дайындығын 100% қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтижесі: бір кадетті, курсантты ұстау және оқытудың орташа құны - жылына 440,5 мың теңге.

Уақтылылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақытылы орындау, оқуды аяқтағаннан кейін курсанттардың әскери бөлімдерде 5 жылдан кем емес міндетті қызметін атқаруы.

Сапасы:

оқудан шығарылған адамның саны 1%;

оқуды бестікке бітірген саны жалпы саннан 2,1%.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№  1235 қаулысына

82-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

кәсіптік білімді мамандар даярлау»

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 3892199 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион бір жүз тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Әскери ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Шарт; «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарына оқуға қабылдау туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі арасындағы 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 335/5/14-2 келісім-шарт; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шетел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 шілдедегі № 754 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін жоғары әскери-оқу орындарында біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және әскери білім беру жүйесін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) жоғары әскери және жоғары кәсіби білімі бар әскери мамандарды даярлау, әскери-оқу орындарының оқу-материалдық базасын жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралар кешенін жүргізу;

2) әскери білім беру туралы стандарттың талаптарына сәйкес жедел-тактикалық буынның әскери басқару мамандарын даярлаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі:

жыларасы дайындалатын мамандардың орта саны:

Ұлттық қорғаныс университеті - 134 адам;