Құрлық әскерлерінің Әскери институты - 1360 адам;
Әскери-теңіз институты - 180 адам;
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты - 520 адам;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты - 533 адам;
Шет тілдері әскери институты - 200 адам.
Түпкі нәтижелері:
жалпы түскендердің ішінен 99,7 % жоғары әскери және әскери-кәсіби білімі бар әскери мамандар даярлап шығару;
әскери білімі туралы стандарттың талаптарына сәйкес 100%-ға шұғыл-тактикалық бейінді әскери басқарудың мамандарын дайындау.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
жылына бір курсантты ұстаудың орташа құны:
ұлттық қорғаныс университетінің курсантына - 2 197,2 мың теңге;
Әуе Күштері қорғанысы әскери институтының курсантына - 459,2 мың теңге;
Жаяу әскерлер әскери институтының курсантына - 2 461,6 мың теңге;
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсантына - 204,9 мың теңге.
Уақтылығы: оқу процесін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы:
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің оқу бітірген әскери мамандардың жалпы саны 99,7%;
жоғары әскери-оқу орындарын бітірушілердің бестікке бітірген мамандардың жалпы саны - 19 адам.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
83-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1375692 мың теңге (бір миллиард үш жүз жетпіс бес миллион алты жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің толық көлемде медициналық көмегін қамтамасыз ету; гарнизон мамандарының бекітілген бөлімдерде диагностикалық, профилактикалық және емдеу жұмыстарының жай-күйіне жеке жауапкершілігін арттыру; әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау, әскерлердің әскери дайындығын медициналық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің, әскери зейнеткерлердің денсаулығын сақтау, әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз ету;
2) уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету;
3) жұқпалы, паразитті және соматикалық аурулардың, мүгедектіктің алдын алуға, ерте емдеуге және жоюға бағытталған санитарлық-гигиеналық, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін орындау; алдын алу, диагностика және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану;
5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-медициналық қамтамасыз ету бас басқармасының санитарлық қызметі мен зертханалық бөлімшелерінің практикасына қоршаған табиғат ортасын қорғау өлшемдерін: азық-түлікті, фуражды, ауаны, су мен топырақты бағалау мен бақылаудың жоғары тиімді әдістерін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: әскери-оқу орындарында емделуден өтетін жылына орташа 25 000 әскери қызметші.
Түпкі нәтижелер:
әскери қызмет қатарына жарамды болып қайтарылғандар:
а) офицерлер 93%;
б) әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеретіндер 92%;
жалпы ауырғандардың ішінен ұшуға жарамды % - 0,004.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі:
1-ші әскери қызметшіні емдеудің орташа құны - 2 300 теңге.
Уақтылылығы:
қаржыландыру жоспарларына сәйкес;
мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес.
Сапасы: 100% уақтылы, сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
84-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Әскерге шақырылғанға дейінгілерді әскери-техникалық
мамандықтар бойынша даярлау»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 10, 12-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 718 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін тұрақты әскери дайындықты ұстау үшін қажетті әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалған әскерге шақырылған контингентпен қамтамасыз ету; ерекше жағдайға жұмылдыру резервін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) жыл сайын көктем және күзде шақыру жүргізілетін кезеңде мынадай мамандықтар бойынша әскери-техникалық мамандар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: 1590 мамандар даярлау.
Түпкі нәтижесі: 100% Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, жеке құрамын, әскери бөлімдерін, мекемелерін әскери дайындықты ұстау үшін қажетті әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалған әскерге шақырылған контингентпен қамтамасыз ету және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерекше жағдайға жұмылдыру резервін қалыптастыру; 50% әскер қатарына шақырылушыларды жыл сайын қосымша дайындықтан өтуі мен оқыту.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: бір маманды оқытудың орташа құны жылына 71,2 мың теңге.
Уақтылылығы: шақырылушыларды дайындау шақыруға сәйкес уақтылы жүргізіледі.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 73% дайындалған мамандарды шақыру;
жұмылдыру резервін қалыптастыруға 27% дайындалған мамандарды жіберу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
85-қосымша
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Қарулы Күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1916268 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз он алты миллион екі жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 10, 12, 13, 14, 16, 17, 18-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 7 , 10, 14, 15, 24-баптары; «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы Әскери реформа тұжырымдамасы мен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасындағы Әскери құрылыстың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2000 жылғы 7 шілдедегі № 418 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы; «Ақпараттық-маркетингтік жүйенің инфрақұрылымын құру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 1689 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызметтің іс-әрекетінде алдын-алу құрамын нығайту, әскери қызметшілердің жұқпалы аурулармен, тері асты клетчатка ауруларымен, тыныс алу жүйесі ауруларымен және жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастануын төмендету; әскери бөлімдердегі, мекемелер мен әскери-оқу орындарындағы материалдық-техникалық базаларды, тәрбиелеу және оқыту техникалық құралдарын жетілдіру; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, әскер түрлерінің тектері мен арнайы әскерлерінің штабтарын, өңірлік қолбасшылықтарды, құрамалар мен бөлімдерді, мекемелерді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы оқу орындарын электрмагниттік сәулелердің және ақпарат беру мен өңдеу техникалық құралдарын бағыттаудың ықпалына байланысты техникалық арналар бойынша құпия және қызметтік ақпараттың жариялануынан қорғау; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығын, әскер түрлерінің, тектері мен арнайы әскерлердің қолбасшылықтары мен штабтарын, әскери округтерді, құрамалар мен бөлімдерді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мекемелері мен ЖОО-ын құжатталған жасырын байланыстың барлық түрлерімен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін компьютерлік және периферийлі техникамен қамтамасыз ету; әскери бөлімдер мен мекемелерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұрылымының жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) әскери-медициналық мекемелерді қазіргі заманғы медициналық аппараттармен және жабдықтармен жарақтандыру;
2) әскери-оқу орындарында әскери қызметшілерді оқыту үшін жағдай жасау;
3) Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерін тыл мақсатындағы жабдықтармен және мүлікпен қамтамасыз ету;
4) ҚМ қызметтік және өзге үй-жайларын есептеу техникасы құралдарымен, ақпаратты беру және өңдеу қосалқы техникалық құралдарымен, ақпаратты қорғау құралдарымен жабдықтау;
5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратын бейне бақылау жүйелерімен, жасырын байланыспен, арнайы байланыс техникасымен және көмекші аппаратурамен қамтамасыз ету, кіруді шектеу және виброакустикалық қорғауды орнату;
6) арнайы байланыс техникасының паркін және қосалқы аппаратураны кезең-кезеңмен жаңарту, сондай-ақ қолда бар паркті жұмысқа қабілетті күйде ұстау;
7) әскери бөлімдер мен мекемелердің өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, техника паркінің ифрақұрылымының жай-күйін жақсарту және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: