«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 310-НҚ бұйрығы

«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық
бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 310-НҚ бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

керсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:

реттік нөмірі 33 және 85-жолдар алынып тасталсын;

«табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда реттік нөмірі 80-жолдағы «Орал Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» деген сөздер «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің «Орал Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 111-жолдағы:

«табиғи монополиялар салалары» деген баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері»;

«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтері»;

осы бұйрыққа берілген қосымшаға сәйкес реттік немірі 179,180,181,182,183 және 184-жолдармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркөпов):

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.