7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 1000 адамға арналған шатырлы қалашықты құру (тасымалдау, мүліктерді жеткізіп беру, зардап шеккен халықты орналастыру);
- жыл сайынғы республикалық (халықаралық) «Қазқұтқару» жиын семинарын өткізу, саны 312 құтқарушының тамағын қамтамасыз ету;
Астана қаласына ауыстырылған 25 қызметкерді үймен қамтамасыз ету. Түпкілікті нәтиже:
төтенше жағдайларды азайту және төмендету бойынша іс-шараларды өткізу, оның ішінде: төтенше жағдайлардан ықтимал материалдық зиянды 2-3%-ға, зардап шеккендердің және қаза болғандардың санын 3-4%-ға, құтқарылғандардың санын 5-6%-ға арттыру.
Сапасы:
адами фактормен байланысты төтенше жағдайлар санының өсуін, қаза болғандар мен зардап шеккендердің санын, сондай-ақ өндірістік объекттерде, сол сияқты жеке секторларда өрт, дүлей зілзаланың нәтижесінде материалдық зияндардың көлемін 100%-ға азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жылына бір маманды ұстау - 803,9 мың теңге;
семинарға қатысушы бір құтқарушыны 10 күннің ішінде орташа қамтамасыз ету - 24,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Белгіленген регламент шегінде төтенше жағдайларға уақытында ден қою, алдын алу, жою.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
57-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу
мен қайта жаңарту»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1243420 мың теңге (бір миллиард екі жүз қырық үш миллион төрт жүз жиырма мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мамандар даярлаудың білім беру деңгейін арттыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстардың жалпы көлемінің 9,14%-ы);
- Астана қаласында 2006 жылы 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу (орындалған жұмыстардың жалпы көлемінің 49,9%-ы);
- 2900 бірлікке арналған «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының оқу кешенін салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу
Түпкілікті нәтиже: Аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді, сондай-ақ оқу процесін өткізу жөніндегі тиісті жағдайларды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының оқу кешенін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған келісім-шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
59-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 227650 мың теңге (екі жүз жиырма жеті миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт қауіпсіздігі саласында мекемелерге жоғары білікті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі бар инженерлер санын барынша көбейту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тыңдаушыларды оқытудың жылдық орташа саны - 471 бірлік, «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар мамандар шығару - 190 бірлік.
Түпкілікті нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыс орындарын жоғары білікті мамандармен толтыруды барынша ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір студентті оқытудың орташа құны жылына 483,4 мың теңге.
Сапасы: мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес 051001 «Өрт қауіпсіздігі» (академиялық дәреже - бакалавриат) мамандығы бойынша мамандар шығару.
Уақтылығы: өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыс орындарын жоғары білікті мамандармен уақытында толтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
60-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше
жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10514 мың теңге (он миллион бес жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру; азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін азаматтық қорғаныс әскерлері мен біліктілігі жоғары мамандар үшін офицерлер кадрларының біліктілігін арттыру, басшы құрамды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғанысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге ұйымдардың мамандарын даярлау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік жағынан көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 47 санат бойынша оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқу курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкілікті нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында 1500 мемлекеттік қызметшінің білімі мен дағдысының деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: топты бір жыл бойы оқытудың орташа құны - 8756 теңге, оқытудың бір сағатының құны - 199 теңге.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің орындаған жұмыстарының тиімділігі мен сапасын 100%-ға арттыру.
Уақтылығы: кадрларды даярлау және қайта даярлау бекітілген кестеге сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
61-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4824501 мың теңге (төрт миллиард сегіз жүз жиырма төрт миллион бес жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды әрі олардың жұмсалмауын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік материалдық резерв материалдық құндылықтар қорын қалыптастыру; сақтау режимінің талаптарын орындай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сапасы жағынан да, саны жағынан да сақталуын және жұмсалмауын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: құпия.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
62-қосымша
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 90096 мың теңге (тоқсан миллион тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі; «Қазақстан Республикасының Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: - Алматы қаласының аумағы үшін сейсмикалық мониторингтің жаңа бірегей ұңғымалық жүйесін әзірлеу және енгізу;
- төтенше жағдайлар саласындағы жаңа геофизикалық материалдар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: