«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 163 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 163 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 255 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының в-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық валютаның банкноталары мен монеталарын сату және сатып алу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және «Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А.Әлжановқа жүктелсін.

 

 

Төрағасы

Ұлттық Банк

А. Сайденов

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.