Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн
мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 513-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)2-тарау. Туроператордың және турагенттiң (5 - 7 баптар)жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
3-тарау. Туроператордың және турагенттiң (8 - 13 баптар)жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
4-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы (14 - 16 баптар)5-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі (17 - 20 баптар)6-тарау. Қорытынды ережелер (21 - 22 баптар)Осы Заң туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
2) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - туроператордың және турагенттiң туристiк қызметтер көрсету кезiнде туристерге келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен белгiленген мiндетi;
3) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;