Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 Қаулысы (2008.09.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен

Предыдущая страница

медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға медициналық-әлеуметтік, білім беру және түзеу қызметтерін;

барлық жас топтарындағы мүгедектерге арналған күндізгі оңалту мекемелерінде білім беру және медициналық қызметтерді;

медициналық және басқа көмек алуды, шығындарды реттеуді, шаруашылықты ұстауды және тұрмыстық қызметтер көрсетуді, әлеуметтік қарым-қатынасқа жәрдемдесуді көздейтін үйде әлеуметтік көмек көрсетуді;

барлық жас топтарындағы мүгедектерге патронаждық қызмет қызметтерін көрсету.

Ол үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектеріне көмекші және құлағы естімейтін мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру республикамызда алғаш рет заңмен бекітілді.

§ 4.3. Кәсіптік оңалту

Мүгедектерді кәсіптік оңалту үшін қазіргі уақытта жеткілікті де қолайлы мүмкіндіктер қалыптасып отыр.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанып, жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

Кәсіптік оңалтудың нәтижелілігін арттырудың мынадай шаралары:

кәсіптік оңалту мәселелерін шешуде ОЖБ-ға сәйкес жеке тәсілдің болуы;

мүгедек балаларды білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыру;

мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде, білім беру жүйесінде оқыту жөніндегі әдіснамалық базаны әзірлеу;

мүгедек балаларды үйде жеке оқытуды жетілдіру;

мүгедек балаларды ерте жасынан әлеуметтік бейімдеуді және кәсіптік оңалтуды жүзеге асыру;

мүгедектердің биопсихоәлеуметтік мәртебесін, денсаулық жай-күйін және еңбек ету қабілетін зерттеу негізінде кәсіптік бағдарлау жөніндегі тестілерді әзірлеу жолымен, олардың кәсіптік мүдделерін, бейімділігі мен қалауын ескере отырып мүгедектерді, оның ішінде 14 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды кәсіптік бағдарлауды жетілдіру. Ұсынылатын кәсіптер бұзылған функцияларды қалпына келтіруге немесе орнын толтыруға мүмкіндігінше ықпал етуге тиіс;

мүгедектерге кәсіптік білім беру жүйесіне қол жетімділікті болуын кеңейту және оны жетілдіру көзделеді. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін жоғары оқу орындарына түсу кезінде квоталар белгіленеді, оқып жүрген мүгедектердің стипендияларына арнайы қосымша ақылар көзделді.

 

§ 5. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына

белсенді жәрдемдесудің нысандарын дамыту

 

Мынадай шаралар қабылданатын болады:

мүгедектерді кәсіптік даярлау және қайта даярлау;

жұмыс орындарын квоталау;

жұмыс берушінің мүгедектерге еңбекақы төлеу шығындарын ішінара өтей отырып, мүгедектерді басымдықты немесе нысаналы түрде жұмысқа орналастыру;

әлеуметтік жұмыс орындарын құру.

Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды белсенді өмір сүруге тарту мақсатында көркемөнерпаздар, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да шығармашылық түрлерінің облыстық, республикалық конкурстары, мүгедектердің шығармашылық жұмыстарының, мүгедектер ұйымдары шығаратын өнімдердің сату көрмелері, Қазақ зағиптар қоғамының және Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарының және мүгедектер жұмыс істейтін басқа да кәсіпорындар өнімдерінің көрме-жәрмеңкелері өткізілетін болады.

 

§ 6. Оңалту мекемелері желісін дамыту, олардың қызмет нысандары

мен әдістерін жетілдіру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту

 

Мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін құрылымдық және ұйымдық қайта құру мыналарды көздейді:

қолданыстағы интернат-үйлер кезең-кезеңімен ықшамдау, олардың қызметі мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталатын болады;

сыйымдылығы шағын әлеуметтік үйлер желісі және отбасылық үлгідегі мекемелер дами бастайды, бұл медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің оларда тұруын үй жағдайына жақындатуға және қоғамнан оқшау қалуын жеңуге мүмкіндік береді;

әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын құру. Бұл орталықтардың құрылымы мүгедектердің әлеуметтік қызметтердің белгілі бір нысандары мен түрлеріне қажеттілігіне байланысты модульдік қағидат бойынша салынатын болады;

әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын және әлеуметтік қызмет көрсететін мамандарды лицензиялау және аккредиттеу тәртібін әзірлеу.

 

§ 7. Мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарға,

протездік-ортопедиялық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру

деңгейін арттыру

 

Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту мүгедектердің қажеттіліктерінің неғұрлым дәл есебінің, оңалту индустриясының отандық рыногын қалыптастыру және қызметтер көрсетуді мүгедектер тұратын жерге жақындату негізінде жүзеге асырылатын болады.

Протездік-ортопедиялық қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында:

Республикалық экспериментальдық протездеу орталығы базасында протездік-ортопедиялық бұйымдарды міндетті сертификаттау, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында протездік-ортопедиялық бұйымдардың қауіпсіздігіне және сапа талаптарына сәйкестігіне сынақтар өткізу үшін сынақ зертханаларын құру;

протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру ісін басқару құрылымын оңтайландыру, мүгедектердің протездік-ортопедиялық көмекке шынайы қажеттіліктеріне қарай өңірлерде протездік-ортопедиялық бұйымдарды өндіру және жөндеу жөніндегі шеберханалар құру және оларды дамыту;

модульдік технология бойынша жасалатын протездік-ортопедиялық өндірісін техникалық қайта жарақтандыру және ұлғайту көзделеді.

Сурдологиялық көмек қызметін дамыту:

денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінің функцияларын саралауға және қызметтерін үйлестіруге негізделген сурдологиялық көмек жүйесінің жаңа түрін құруды және дамытуды;

естуді түзету республикалық орталығын және оның филиалдарын оңалту аудиологиясы орталығы (бұдан әрі - орталық) етіп қайта құруды;

жоғары сапалы аудиологияны және есту аппараттарын тексеруді қамтамасыз ету үшін орталық пен оның филиалдарын техникалық қайта жарақтандыруды;

аудандық, қалалық, облыстық сурдологиялық кабинеттер желісін ұйымдастыруды;

сурдологиялық көмекке мұқтаж, нашар еститін балаларды есепке алуды және оларды серпінді бақылауды жетілдіруді қарастырады.

Нашар көретін мүгедектердің тифлоқұралдарға қажеттілігін қанағаттандыру жөнінде қосымша шаралар қабылданатын болады.

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін мүгедектерге берілетін техникалық көмекші компенсаторлық құралдардың тізбесі, оған міндетті гигиеналық құралдар енгізу есебінен ұлғаятын болады.

 

§ 8. Мүгедектердің әлеуметтік, көлік және

рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз

қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

 

Мүгедектердің қолы жетерліктей тыныс-тіршілік ортасын құру жөніндегі іс-шаралар олардың әлеуметтік кірігу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль көлігі саласында қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес:

а) жобалау және құрылыс бөлігінде:

мүгедектердің тұруына және тіршілік әрекетіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әзірленген мемлекеттік стандарттарды іске асыру;

қала құрылысы регламентіне сәулет-жоспарлау тапсырмаларын мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып өзгерістер енгізу;

жобаларды сараптау сатысында мүгедектер мен халықтың ұтқырлығы төмен топтарының көрсетілген объектілерге қол жеткізу жөніндегі құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін;

объектілер салу барысына және мемлекеттік нормалар мен стандарттардың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту үшін өзгерістер енгізу қарастырылады. Пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылыстардың әзірлігін бағалау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерін енгізу көзделіп отыр;

б) жұмыс істеп тұрған объектілер бөлігінде:

жұмыс істеп тұрған әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне түгендеме жүргізу, қайта жаңартуды талап ететін объектілер тізбесін жасау. Әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылымды мүгедектердің қол жетуі үшін ыңғайлау жөніндегі жұмыс жоспарын жасау және оны іске асыру.

Мүгедектердің ОЖБ-да көзделген тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Мүгедектердің тұрғын үй-жайды ғимараттың қабатын, үлгісін, көркейту дәрежесін және басқа да қажетті жағдайларды ескере отырып таңдау құқығы сақталды;

в) жалпы пайдаланудағы көлік бөлігінде:

халыққа қызметтер көрсету құқығына конкурс өткізу ережесіне мүгедектердің жалпы пайдаланудағы көлік құралдарына еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейтін өзгерістер енгізу;

жалпы пайдаланудағы көлікті мүгедектерді отырғызу және түсіру құрылғыларымен жабдықтау;

жүріп-тұруда қиындық көретін мүгедектерді жалпы пайдаланудағы көлікке отырғызу аялдамаларын көркейту;

г) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бөлігінде:

республикалық және өңірлік теледидар арналарындағы ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармасын ұйымдастыруды кеңейту.

Брайльдің рельефті-нүкте қарпімен аудиокассеталарда, дисктерде және сурдоаудармамен бейнекассеталарда шығарылатын мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық және көркем әдебиет шығаруды ұйымдастыру.

 

§ 9. Жергілікті атқарушы органдардың рөлi

мен жауапкершілігін арттыру

 

Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасында әдіснамалық, іске асыру және бақылау функцияларын қайта бөлуді ескере отырып, мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органдарының функциялары мынадай болады:

мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

кепілдікті медициналық қызметтер көрсету көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету, олардың сапасын арттыру;

өңірлердегі мүгедектікке әкеліп соғатын патологиялармен аурудың алдын алу жөнінде мақсатты бағдарламалар әзірлеу;

мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен (оның ішінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен) өзара тиімді ынтымақтастығын ұйымдастыру;

мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, олардың мүдделеріне қатысты шешімдерді дайындауға және қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруда атқарушы билік органдарының жауапкершілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан арнаулы Үйлестіру кеңесі құрылатын болады және оған мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі.

 

§ 10. Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру

 

Ақпараттық сүйемелдеу мүгедектерді оңалту жүйесінің міндетті элементі болып табылады.

Мүгедектердің дерекқорына:

жасы мен оңалту шараларының қажеттілігі туралы деректер көрсетіле отырып, алғашқы рет және қайтадан мүгедек деп танылған адамдардың саны туралы;

арнаулы түзеу және жалпы білім беру мектептерінде оқып жүрген мүгедек-балалардың саны;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталанған жұмыс орындарының саны мен осы орындардың нақты жұмыспен қамтылуы;

медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту нәтижелерінің статистикасы туралы мәліметтер енгізілетін болады.

Қолданылып жүрген ақпараттық жүйе мен құрылған дерекқор негізінде, аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерді қамтитын, деректер алмасудың бірыңғай форматы, ақпараттық жүйелер мен дерекқордың өзара әрекет ету хаттамаларымен иерархиялық құрылымы бар кіріктірілген функционалдық жүйе қалыптасатын болады.

 

§ 11. Медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту,

мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

және оңалту индустриясы салаларын кадрмен қамтамасыз

ету жүйесін жетілдіру

 

Әр деңгейдегі және бейіндегі, қажетті кәсіптік білімі мен ұйымдық қабілеттері бар біліктілігі жоғары мамандарды мақсатты түрде даярлаудың республикалық жүйесін құру алда тұр.

Ол үшін:

қызмет саласы, мақсаты, жағдайлары, қаражат пен ұйымдастыру тәсілдері айқын анықталған, мүгедектермен әлеуметтік жұмыс әдістемесін әзірлеу;

Дәрігер лауазымдары мен мамандықтарының номенклатурасына "дәрігер-реабилитолог" мамандығын енгізу;

осы санаттағы халықтың айрықша мұқтажы мен қажеттілігін ескере отырып, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жүйесінде істейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;

медициналық-әлеуметтік сараптама, медициналық оңалту саласындағы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жүйесінде істейтін мамандарды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды институционалдық, ұйымдық қамтамасыз ету;

көрсетілген қызмет саласы үшін мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, нормативтік бекіту және қамтамасыз ету қажет.

 

ҚР Үкіметінің 2007.25.01. № 56 (бұр.ред.қара); 2008.09.06. № 550 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен  4-бөлім өзгертілді

 

4. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

 

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.

Мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 27069,5 млн. теңге, оның ішінде:

2006 жылы - 7043,1 млн. теңге;

2007 жылы - 7316,5 млн. теңге;

2008 жылы - 12709,9 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен - 5874,1 млн. теңге, оның ішінде:

2006 жылы - 2026,7 млн. теңге;

2007 жылы - 1571,5 млн. теңге;

2008 жыл: - 2275,9 млн. теңге.

Жергілікті бюджеттен - 21195,4 млн. теңге, оның ішінде:

2006 жылы - 5016,4 млн. теңге;

2007 жылы - 5745 млн. теңге;

2008 жылы - 10434 млн. теңге құрайды.

 

5. Күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаны іске асыру:

2008 жылдың аяғына қарай мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіруге және оларды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін жыл сайын арттыруға;

мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемістігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге;

медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға;

оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік технологияларды енгізуге;

мүгедектерге көрсетілетін медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және олардың сапасын арттыруға;

протездік-ортопедиялық өндірісті басқару құрылымын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдауға;

мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;

жалпы жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу және әлеуметтік жұмыс орындарын құру есебінен мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға;

оңалту мекемелерінің жүйесін дамытуға, олардың қызметінің нысандар мен әдістерін жетілдіруге, материалдық-техникалық базасын нығайту (2006-2008 жылдар);

мемлекеттік органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау процесін басқарудағы әдіснамалық, іске асыру және бақылау функцияларын оңтайландыруға;

мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құруды және МӘС пен мүгедектерді оңалту мекемелерінің, оңалту индустриясы кәсіпорындарының қызметін ақпараттандыруды аяқтауға;

медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді медициналық, оңалту саласындағы мамандардың кәсіптік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

 

ҚР Үкіметінің 2007.25.01. № 56 (бұр.ред.қара); 2008.09.06. № 550 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен  6-бөлім өзгертілді

 

6. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары