Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы
шартқа қосылуы туралы
ХАТТАМА
(Санкт-Петербург, 25 қаңтар 2006 жыл)
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2006.04.07. № 152-III Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттер болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы бір тараптан және Өзбекстан Республикасы екінші тараптан,
Өзбекстан Республикасының ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке кіруі туралы өтінішін назарға ала отырып,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың 9-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты: