7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
63 мемлекеттік органдарда іс-жүргізудің үзіліссіз жұмысын қолдау мақсатында мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (басқару) сүйемелдеу.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
Тіркелген өнімдердің жалпы саны:
1) ДҚ, БӨ, Веб-сайттары, деректерді беру желісі - 550 бірлік;
2) ақпараттық есептеу құралдары (АЕҚ) - 78000 бірлік.
3. Жүйелердің сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Тестіленген құжаттардың жалпы саны (бірлік) - 18 бірлік.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Бағдарламалық өнімді сертификаттау, мемлекеттік тіркелімнің жұмысына нормативтік құжат.
Документтер мен кодтар - 127 бірлік.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу.
АЖАЖ-ның 35 бөлімдерінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны):
1) мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын дамыту;
3) 4 мемлекеттік органдарда сайттарды құру мен дамыту.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі:
1) Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылар аудиториясының саны мен құрылымын зерделеу;
2) Қазақстанда Интернет қызметтеріне сұраныстар мен пайдаланушылар аудиториясының санының динамикасын болжамдау.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Жабдықтардың үзіліссіз жұмысы мен базалық бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтеріне 128 серверлер болжануда.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны):
1) интернетке бөлінген арналарды қосу - 4;
2) бөлінген арналарға қосу - 3;
3) VPDN қызметіне қосу - 434.
Соңғы нәтиже:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Тіркеу құжаттарына уақытында және жедел қол жетімділікті 67% қамтамасыз ету.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу.
ДҚ, БӨ, Веб-сайты, деректерді беру желісі және ақпараттық есептеу құралдарын (АЕҚ) сүйемелдеу мен өзектілеу мемлекеттік органдардың жалпы санынан 84% жүргізіледі.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын. Мемлекеттік тіркелімдегі (барлығы - 180 бірлік) жалпы санынан ақпараттық жүйені сынау проценті - 10.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік ұйымдардың 40-тан 80% құрайды.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
16,3 % мемлекеттік органдарды, ведомстволарды Қазақстан Республикасында тұратын және уақытша тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Веб-сайтын сүйемелдеу. Мемлекеттік органдардың заңнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламалары мен құжаттарына қол жеткізу мүмкіндігі - 4%.
7. Интернет - ресурстардың мониторингі.
Интернет - ресурстарының жүргізілген іс-шараларының мониторингінің деректерін пайдаланудың өсуін ескере отырып (жылына 2 рет) осы іс-шараның құны жарты жылда 1025 млн. теңгені құрайды. Іс-шараның бір жылғы құны 2050 млн. теңге.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Операциялық жүйелерді және деректер қорының жұмыс істеуі үшін жағдайларды сақтау жабдықтардың жұмыс істей алмау қаупін төмендету 90%.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Уақытты үнемдеу, шығынды төмендету.
Уақтылығы: бекітілген графиктерге сәйкес іс-шаралар белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады.
Сапасы:
1. Сүйемелдеу (ЭҚАБЖ басқару).
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің сапалы және қол жетімді бағдарламалық қамтамасыз етуіне мемлекеттік органдарды 90% қанағаттандырады.
2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің Мемлекеттік тіркелімін сүйемелдеу:
1) ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелері туралы ақпаратты 100 % жүйелеу (АР мен АЖ)
2) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді бірегейлендіруді ұйымдастыру үшін АР мен АЖ әзірлеушілеріне 100% ақпаратты ұсыну.
3. Жүйелерді, сараптауды сүйемелдеу, оның ішінде сынақ зертханасын.
Бағдарламалық құралдар мен деректер қорының сапасын 100% бағалау.
4. Бағдарламалық кодтар депозитарийін және нормативтік техникалық құжаттарды сүйемелдеу.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық құжаттары мен кодтарының депозитарийін 100% сақтау.
5. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу:
1) Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінген кездегі уақытын қысқарту және халыққа көрсетілетін ақпараттық қызметті 100% жақсарту;
2) Мемлекеттік органдарды және халықтың арнайы категориядағы есебімен айналысатындарды Қазақстан Республикасына уақытша келгендерді және тұратын халықтар туралы өзектіленген және шынайы ақпараттар туралы қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдардың Веб-сайтын сүйемелдеу (мемлекеттік органдардың саны).
Әрбір мемлекеттік органды 100% ақпаратының ашықтығы мен қол жетімділігі.
7. Интернет-ресурстардың мониторингі.
Интернет саласын дамыту туралы талдау есебімен 100 % қанағаттандыру.
8. Жабдықтарды, операциялық жүйелерді және деректер қорын жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық жабдықтар мен базалық бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
9. Телекоммуникациялық қызметтер (қосылған ақпараттық жүйелердің саны).
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне қажетті телекоммуникациялық ресурстардағы қажеттілікті 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
374-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Байланыс және хабар таратудың ғарыштық аппараттарын
басқаруды қамтамасыз ету»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 549451 мың теңге (бec жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті құру және ұшыру туралы кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: байланыс және хабар тарату ұлттық спутник жүйесінің қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қазақстандық спутниктің орбиталды позициясын басқа елдермен - Байланыстың халықаралық электркеңесінің мүшелерімен халықаралық координациялау жөніндегі жұмыстар жүргізу;
байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутниктің, жердегі ғарыштық инфрақұрылымының сақтандыруын қамтамасыз ету, ғарыштық инфрақұрылымын басқарудың жердегі кешенінің қызметін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) жиілік-орбиталды жоспарларды таңдау, негіздеу және талдау, KAZSAT жүйесінің жиілілік иеленуді халықаралық координациялау;
Тапсырушының Байланыс әкімшілігіне және тікелей Тапсырушыға тапсыру үшін жоспарлы және жоспардан тыс жиілік белдеулерінің халықаралық тапсырыс құжаттарының жобаларын дайындау, өңдеу және әзірлеу, Зерттеу комиссияларда сәйкес жиілік белдеулерді регламентациялаудың проблемаларын шешу кезінде ұсыныстарды өңдеу және негіздеу; координацияға ақпараттық-талдау қамтамасыз етуді жүргізу; жүйенің жиілік иеленуді халықаралық координациялау және тіркеу жөнінде есеп берулерді жүйелі түрде дайындау және тапсыру; арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу (модификация);
2) Байланыс және хабар таратудың ұлттық геостационарлық спутникті, жердегі ғарыштық инфрақұрылымын сақтандыру;
3) "Метеостанция-2" мүліктік кешенін ағымдық ұстау.
4) спутниктік байланыстың 2 арнасын жалдау.
Соңғы нәтиже: байланыс және хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жүргізу.
Уақтылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: қазақстандық спутниктің меншік орбиталды позициясын халықаралық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
сақтандыру жағдайы келген кезде қорғауды қамтамасыз ету, "Метеостанция-2" мүліктік кешенінің тиесілі қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
375-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Почта-жинақтау жүйесін дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дамыту бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа және экономиканың нақты секторына жоғары сапалы деңгейде почта және қаржылық қызметтердің кең спектріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті, тиімді почта-жинақтау жүйесін қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық және қалалық жерде 80 өндірістік объектілер көлемінде филиалдық почта-жинақтау жүйесін капиталдық және техникалық жарақтандыру; ауылдық жерде 15 ауылдық байланыс бөлімшелерін салу арқылы меншіктік филиалдық жүйе құру; ауылдық жерде почта байланыс бөлімшелерінің операциялық залдарын 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.10 № 1015 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 44 аудандық тораптар және 36 қалалық почта байланысы бөлімшелер ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу; 15 ауылдық почта байланысы бөлімшелерінің құрылысын салу почта салу және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі техникалық нығайту талаптарына сәйкестікке келтіру; ауылдық почта байланысы бөлімшелерін 37 комплект көлемінде өндірістік жиһаздармен жабдықтау.
Соңғы нәтиже: 95 жаңадан жарақтандырылған почта байланысы бөлімшелерінде компьютерлік және банктік жабдықтардың бірыңғай инфо-коммуникациялық кеңістікте технологиялық қызметтерге нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін базалық алғы шарттарды құру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту почта-жинақтау жүйесінің жалпы табысын 5-8 % өсіруге, және сәйкесінше Қоғам жұмыскерлерінің еңбек ақысының 7-9% өсуіне, бюджеттің салықтық түсімдерін 3-5% өсуіне ықпал етеді.
Уақтылығы: жасалған келісім-шарттар мен құрылыс кестелеріне сәйкес. Сапасы: нақты уақыт режимінде қаржылық қызметтер көрсету, пайдаланушылардың Интернетке бағытталған қызметтерге қолжетуі, жаңадан жарақтандырылған почта-жинақтау жүйесінің 95 бөлімшелерінде көрсетілетін қызметтердің спектрін 10%-ға кеңейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
376-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс
қызметтерін ұсыну жөніндегі залалдарына өтемақы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 3268183 мың теңге (үш миллиард екі жүз алпыс сегіз миллион бір жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы; "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне және ақпараттық ресурстарға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендерде қызмет көрсететін байланыс операторларының шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның ішінде ауылдық елді мекендерді 2006 жылы телефондандыру бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуші ауылдық байланыс операторлары шығындарының өтемақысы 3268183 мың теңге көлемінде.
Соңғы нәтиже: жалпы саны 7660 ауылдық елді мекендерден 5257 телефондандырылған ауылдық елді мекендерде (саны 50 адам және одан жоғары) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне халықтың үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауылдық 1 абонентке шаққанда шығатын шығын есебінен төленген субсидияның көлемі жылына 6948 теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес уақытылы субсидияларды төлеу. Сапасы: телекоммуникацияның әмбебап қызмет көрсету сапасымен ауылдық абоненттердің қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
377-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне қалалық телекоммуникациялық желілердің абоненттері
болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін
абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін