«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз)
балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке
алу жөніндегі Ережені бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 Бұйрық
Осы редакция 2005 ж. 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" заңның 78-бабына сәйкес бұйрық етемін:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Министр
Сыртқы істер министрінің
1999 жылғы 17 маусымдағы
№ 655 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін
шетелдік азаматтарды есепке алу туралы ереже
1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдік азаматтарды есепке алу тәртібін анықтайды.