«Лицензияның күшін тоқтату туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2005 жылғы
3 қыркүйектегі № 239 бұйрығы
Қарағанды облысының Сатпаев қалалық сотының 13.06.2005 ж. шешімін орындау үшін және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 06.02.2003 ж. № 788 бұйрығымен Сафар Абдуллаевич Гасановтың атына адвокаттық қызметпен айналысу құқығы берілген № 0005229 мемлекеттік лицензияның күші тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысының әділет департаменті:
1) осы бұйрықты С.А. Гасановтың, Қарағанды облысының адвокаттар алқасының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) С.А. Тасановтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясын лицензиарға беру үшін қайтарып алсын.