«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 265-303 қосымшалар) (үзінді) (2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: студенттерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау - 3500; медициналық жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына запастағы офицерлерді қабылдау - 600; докторанттар - 33, аспиранттар - 63, клиникалық ординаторлар - 90, денсаулық сақтау магистранттары - 50; 1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету - (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушылар орта есеппен - 75 пайыз және интерндер - 90 пайыз. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы мен Семей мемлекеттік медицина академиясының жанындағы оқу-клиникалық орталықтары үшін 179 бірлік медициналық жабдық сатып алу.

Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығын - жылына 191200 теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 16075 теңге; докторантты даярлауға - жылына 46261 теңге; аспирантты даярлауға - жылына 104000 теңге, клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 109100 теңге, магистрантты даярлауға - жылына 135000 теңге.

Айлық стипендия мөлшері: бір студент - 6434 теңге; бір интерн - 11652; Президенттік - 12868 теңге; атаулы - 9329 теңге; докторант - 22564 теңге; аспирант - 17865 теңге; клиникалық ординатор - 16466 теңге және денсаулық сақтау магистранты - 16466 теңге.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 білім алушының қысқы және жазғы каникул кезінде жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу 4 АЕК.

С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Семей мемлекеттік медицина академиясын, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтын; Қазақ мемлекеттік медицина академиясын күрделі жөндеу.

Уақтылылығы: жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді денсаулық сақтау саласының білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 860 адам, запастағы офицерлер кемінде 585, ғылыми кадрлар мен жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар кемінде 175 адам, оның ішінде докторанттар кемінде 29, аспиранттар кемінде 58, клиникалық ординаторлар кемінде 88.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы мен Семей мемлекеттік медицина академиясының жанындағы оқу-клиникалық орталықтары үшін алынатын медициналық жабдықтың бір бірлігінің орташа құны 3910614 теңге.

Сапа: ЖОО-ны үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 14,5 пайызы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

268-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық

сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін

нысаналы даму трансферттері"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Құны: 11145997 мың теңге (он бір миллиард бір жүз қырық бес миллион тоғыз жүз тоқсан жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi

№ 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңартуды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттерді қаржылық қолдау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.

Түпкілікті нәтиже: халыққа медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру. Уақтылығы: қызметтерді ұсынушылармен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс және қайта жаңарту бойынша жұмыс көлемдерін атқару.

Қаржы-экономикалық нәтижесі мен сапасы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.

Ескерту:

"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

269-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық

салауаттылығы" деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Құны: 1855046 мың теңге (бip миллиард сегіз жүз елу бес миллион қырық алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы № 111-І Заңының 13, 17, 19, 42-баптары; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуының, таралуының алдын алу және азайту; шекараны жұқпалы және аса қауіпті аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; АҚТҚ инфекциясының алдын алу және оның таралу қарқынын бәсеңдету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғи ошақтар мен басқа да эпидемиялық өңірлерге кемінде 30 баруды жүзеге асыру, обаға қарсы күрес станцияларын аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарында алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды өткізуге арналған дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың кемінде 732 бірлігін, автокөліктік, соның ішінде обаға қарсы күрес станциялары үшін кемінде 504 бірлігін, олардың ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес обаға қарсы күрес мекемелерін кезең-кезеңмен жаңартуға кемінде 41 бірлігін; Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция үшін кемінде 44 бірлігін, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшін кемінде 180 бірлігін, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық үшін кемінде 4 бірлігін сатып алу;

6 мемлекеттік мекемені күрделі жөндеуді жүргізу.

Түпкілікті нәтиже: тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторларын жоюға немесе азайтуға бағытталған індетке қарсы және алдын алу іс-шаралар кешенін аяқтау, жұқпалы, паразиттік аурулардың, жаппай уланулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау және оларды уақтылы оқшаулау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: дезинфекциялық препараттар бірлігінің орташа құны - 435,4 теңге, медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар, автокөліктер бірлігінің орташа құны - 415,7 мың теңге.

Уақтылығы: бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, жабдықты жеткізуге жасалған шарттарға сай санитарлық індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын орындау.

Сапа: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебінен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; көліктегі індеттік мәні бар объектілердің санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту; жұқпалы аурулар диагностикасының уақтылығы мен сапасын арттыру, халықтың АҚТҚ/ЖҚТБ туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

270-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның

компоненттерін және препараттарын өндіру"

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 330825 мың теңге (үш жүз отыз миллион сегіз жүз жиырма бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 42-бабы; "Мемлекеттік материалдық қор туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 12-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18-бабы; "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5 , 15-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2003 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: науқастарды сапалы қанмен, оның компоненттері мен препараттармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтарын республика аумағындағы төтенше жағдайларды жою кезінде қан препараттарымен (алмастырғыштармен) және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. Республикалық қан орталығының республиканың аумағындағы төтенше жағдайлардағы жұмысқа дайындығы және жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін жұмылдыру резервін ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: дайындалатын және өңделетін қанның болжамданған орташа жылдық мөлшері 20500 литр, жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемсараптаманың қорытындысына сәйкес Алматы қаласындағы "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.

Түпкілікті нәтиже: республикалық медициналық ұйымдарын қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қажетіне сәйкес қамтамасыз ету, жұмылдыру резервін толықтыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 литр қанды өңдеудің орташа құны - 14180 теңге, жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемсараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеуді аяқтау.

Уақтылығы: оларға деген қажеттіліктің тууына қарай қан мен оның компоненттерін уақытында жеткізу.

Сапа: қабылданған нормативтерге сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына