«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 265-303 қосымшалар) (үзінді) (2006.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

271-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Арнайы медицина резервін сақтау"

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 17242 мың теңге (он жеті миллион екі жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 15-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі құрамаларының дайын болуы.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жұмылдыру резервінің мүлкін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру, төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервін, медициналық қызмет құрамаларын мүліктермен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру, кемінде 2 бірлік автокөлік алу.

Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын көтеру.

Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір қызметкерді ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 411,6 мың теңге, сатып алынатын бір автокөлікті орташа сатып алу құны - 1217 мың теңге.

Уақтылығы: жұмылдыру тапсырмасына сәйкес.

Сапа: арнайы медициналық қамтамасыз етудің жұмылдыру резервін 100 пайыз дайындау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

272-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1975267 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз жетпіс бес миллион екі жүз алпыс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 26-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы № 287-9 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: алдын алудың, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері мен технологияларын енгізу негізінде азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: диагностиканың, емдеудің, оңалтудың жаңа әдістерін, әлеуметтік елеулі ауруларды диагностикалауды, емдеуді, оңалтуды және алдын алуды жетілдіру жөніндегі сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу және сынау, халықты гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингі, қадағалау мен алдын алуды жетілдіру, республикада денсаулық сақтауды басқару мен ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жаңа отандық препараттарды әзірлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медицина ғылымының 5 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 13 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі міндеттері мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіле отырып сатып алынатын жабдықтардың Тізбесіне сәйкес ғылыми ұйымдар үшін кемінде 380 бірлік медициналық жабдық сатып алу. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ғылыми ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу.

Түпкілікті нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық саласына енгізу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 33333 мың теңге. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 2580 мың теңге.

Сапа: республика халқының денсаулық жағдайын жақсартуға ғылыми зерттеулер нәтижелерінің әсері.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

273-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Құны: 6528933 мың теңге (алты миллиард бес жүз жиырма сегіз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабы; "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5 , 17, 41,  42, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17,  18, 24, 29, 53-баптары; "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы; "Төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; "Айналадағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың және аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысы; "Медициналық көмекке арналған шығындардың орнын толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен науқастардың денсаулықтарын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 30 934); жекелеген контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен өңдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 860, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына - 2284, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 950, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4300, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша 799 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық сатып алу. Мемлекеттік мекемелерге 256 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдық сатып алу. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының ғимараттары мен ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпитальға күрделі жөндеу жүргізу (қалпына келтіру) және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды бастау үшін мемсараптаманың жобалық-сметалық құжаттамасын жүргізу және әзірлеу.

Республикалық денсаулық сақтау ұйымы үшін: бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрілік заттар, шығыс материалдары бар диализаторлар, бүйрегін ауыстырып қондырған науқастар үшін дәрілік заттарды (бүйрегі ауыстырып қондырған науқастардың болжамды саны - 30, бүйрек кемістігі бар науқастар - 90);

онкологиялық науқастарды емдеу үшін химиялық препараттарды сатып алу (науқастардың болжамды саны - 2381);

туберкулезбен ауыратын науқастар үшін, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін туберкулезге қарсы препараттарды және диспансерлік топтағы (вираждық, гиперсезгіштік, жанаспалы) балалардың химиялық профилактикасы үшін, Республикалық жиі бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханадағы науқастар үшін резервтік қатарын сатып алу (науқастардың болжамды саны - 36).

Түпкілікті нәтиже - емделген науқастардың денсаулығының жақсаруы. Қаржы-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір науқасты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 85846 теңге; мемлекеттік мекемелерде - 47108 теңгеден 479791 теңгеге дейін; науқасты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 2 616 600 теңге; алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 250 000 теңге; сатып алынатын жабдықтар бірлігі мен жиынтығының орта құны - 1725069 теңге; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.

Сапа: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

274-ҚОСЫМША

 

226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

"Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және

санаторий-сауықтыру медициналық көмек көрсету"

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 853333 мың теңге (сегіз жүз елу үш миллион үш жүз отыз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:  "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18, 44-баптары; "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; "Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратын науқастарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.